Жаңалықтар

Солтүстік Корея "Қиын жорық" жолына түседі — Ким Чен Ын

ашық дереккөзі

Солтүстік Корея "Қиын жорық" жолына түседі — Ким Чен Ын

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Еңбек партиясының барлық деңгейдегі ұйымдары "Қиын жорық" жолына түсетінін мәлімдеді. Бұл саясат Солтүстік Кореяда 1990 жылдардағы экономикалық дағдарыс пен аштық кезінде жүргізілген, деп жазады РИА Новости.  Ким Чен Ынның айтуынша, бұл қадам адамдардың өмірін жеңілдету және оларға материалдық және мәдени игіліктер беруге бағытталған. Ол ондаған жылдар бойы Кореяның Еңбек партиясына сеніп, партияның салған жолымен жүрген ел тұрғындарының жайлы өмірін қамтамасыз етуге барлық деңгейдегі партия ұйымдары күш салуы керектігін жеткізді. Сондай-ақ, КХДР басшысы Солтүстік Кореяның партиясы ешқашан сәттілікке үміттенбегенін және "үміт артатын" адамы жоқ екенін атап өтті. "Тек Кореяның Еңбек партиясы мүшелеріне ғана сенуге болады", - деді ол.