Жаңалықтар

Тәуелсіздік құрдастары – жас актерлар

ашық дереккөзі

Тәуелсіздік құрдастары – жас актерлар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында егемендіктің 30 жылдық жолына қорытынды жасап, болашаққа деген бағдарымызды тағы бір айқындап берді. Еліміз осы ширек ғасырдан сəл асатын қысқа мерзімде ұлы даланың зеңгір көгіндей көк туымызды көкке көтеріп, елдіктің көшін түзеп, жүз жылдықтардың еншісіндегі тарихи үдерістерді қысқа мерзім ішінде абыроймен өткергені біз үшін зор мақтаныш. Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішін­де «Тәуелсіздік – біздің халқы­мыз­дың ең басты құндылығы және ең маңызды байлығы. Оны көздің қа­ра­шығындай сақтау – Ота­ны­мыз­дың әрбір азаматының аса маңыз­ды міндеті әрі қасиетті бо­ры­шы» екендігі тереңінен дәріптеліп, мем­лекетіміздің мәдениеті мен өне­рі, экономикасы мен өндірісі да­му мен жанданудың жаңа белес­те­рін бағындырды. Өнер саласы да жаңа деңгейге көтеріліп, төрткүл дү­ние көз тіккен нысанаға айнал­ды. Соның ішінде театр өнерінің тұс­бағдарына айналған қарашаңы­рақ М.Әуезов атындағы Ұлттық дра­ма театры да тәуелсіздік жыл­да­ры өсу мен өркендеудің жаңа саты­сы­на аяқ басты. Тәуелсіздіктің арқасында М.Әуе­зов театрының шығар­ма­шы­лық табыстары ауыз толтырып ай­тар­лықтай дәрежеге жетті. Мем­лекетіміздің өнерге деген қолдауы­ның арқасында, көптеген елдің сах­насында өнер көрсетіп, бақ сы­нау бақыты бұйырды. Ал, жетіс­тік­теріміздің ішіндегі ең үлкені – 2020 жылғы 20 желтоқсанда Пре­зи­дент­тің арнайы Жарлығымен театрға «Ұлттық» мәртебесі берілгені болды. Мұның барлығы да Тәуелсіздіктің жемісі, ұжымның театрға деген шек­сіз махаббатының, толассыз ең­бегінің көрсеткіші деп білеміз. Театр өнерінің өрге басуының ең басты қозғалтқыш күші жастар де­сек, театрымызда тәуелсіздік жыл­дары дүниеге келген жас артис­тердің бірнеше буыны жемісті ең­бек етіп, халық ықыласына бө­лену­де. Тәуелсіз ел болып, дербестік алған жылдары өмірге келіп, білім алып, өнер додасына қосылған жас­тар бүгінде театрымыздың бет­ке ұстар мақтаныштары. Президентіміздің өзі ұлттық на­мыс пен сананы ояту үшін жас­тар­ға дұрыс тәрбие беріп, ұрпақтар са­бақтастығына, өскелең ұрпақты отан­шылдыққа баулуға аса мән беру керектігіне ерекше тоқталып кет­кен болатын. Бүгінде театрдың жас­тары жастық жалынымен, күш-жі­герімен театрға аянбай еңбек етіп жүр. Тәуелсіздіктің құрдастары, та­лант­ты жас буын өнерпаздар: А.Ба­қытжанова, М.Мұхтарұлы, Ғ.Ос­панов, Г.Хасанова, Д.Шыныбек, Ш.Пірназаров, Қ.Бейсағалиев, Н.Қуанышбайұлы, А.Максим, Ә.Лепес­баев, Л.Тілеуова, Ә.Сайлауова, М.Асау­­бай, М.Келгенбай, Д.Анарбай, М.Тағанов, Д.Ныгметуллина, И.Меңдібаева, Р.Бекет, Ә.Базарбайұлы, Ж.Қонысбай, Қ.Құдайберген, З.Ра­хымжан, А.Курак, А.Оспанбаева тағы да басқалар арыдан келе жат­қан дәстүрді жалғастырып, театрдың ауыр жүгін көтерісіп ке­леді. Актерлік шеберлігімен, тұлға­лық даралығымен өзге театр әртіс­терінен ерекшеленіп тұратын Тәуел­сіздіктің төл құрдасы, талант­ты актер –  Ғалымбек Оспанов ал­дың­ғы буын А.Әшімов, С.Ораз­баев, Т.Жа­манқұлов сынды өнер майтал­мандарының ізін жалғап келе жат­қан дарын иесі. Театр репертуа­рын­дағы Ғ.Есімнің «Таңсұлу» драма­сын­да Қалмақ бегін, У.Шекспирдің «Ромео-Джульеттасында» Тиба­льт­ты, «Отеллосында» сенат қыз­мет­ке­рін, Д.Эннери мен Ф.Дюмануардың «Дон Сезар де Базанында» Дон Се­зар де Базанды, И.Вовнянконың «Қа­за мен жазасында» адвокатты, А.Во­лодиннің «Қоштасқым келмей­дісінде» Шумиловты, М.Омарова­ның «Көмбе нанның дәмінде» Жайықты т.б. нақышына келтіре сом­дап жүр. «Таңсұлу» драмасындағы Қал­мақ бегі бейнесі – жас актердің төл­­­құжатына айналған рөлдердің бірі. Театр көрермендерінің көңі­лі­нен орын алып, біраз бөлігінің сүйік­тісіне айналып та үлгерген. Ал, Қа­зақстанның еңбек сіңірген қай­рат­кері, режиссер Н.Жақыпбай сах­налаған «Қобыланды» спектак­лін­дегі батыр бейнесі актердің өз қарым-қабілетін айшықтап, кө­рер­мен ықыласына бөлеген рөл­дер­дің бірі болды. Бейнені сомдауда сырт­қы қасиеттерін жеткізумен ғана шектелмей, кейіпкердің ішкі жан дүниесі мен болаттай мінезін ай­шықтауға мән берген актер ойыны көрермендер мен мамандардың қошеметіне бөленді. Театрымыз мақтанышпен кез келген додаға қоса алатын тағы бір әр­тіс – Ажарлым Бақытжанова. Бү­гін­де сахнада «Таңсұлу» спектак­лін­де Таңсұлу, «Жүз жылдық махаб­бат­та» Зылиха, «Сыған серенадасында» Сағыныш, «Қыз мұңында» Қарагөз, «Бейбарыс сұлтанда» Пұлжетпес, «Қыз Жібекте» Дүрия, «Бес бойдаққа бір той» комедиясында Шүйкетай, «Қ­обыланды» драмасында Қар­лы­ғаш, «Анна Каренина» трагедиясын­да Бетси Тверская, «Аттила мен Аэ­ций» тарихи драмасында Ганория т.б рөлдерді сомдап, көрермен кө­зайымына айналып келеді. А.Бақытжанованың театр сах­на­сындағы төлқұжаты – Таңсұлу рөлі. ««Таңсұлу» – қазақтың қасиет деген сөзінің бір формасы» деп спек­такль режиссері Алма Кәкішева айт­қандай, намысы, елі, ұрпағының аман­дығы үшін сұлулығын тәрк ет­кен, шамамен Төле би заманында өмір сүрген батыр әйелдің ерлігі Ғ.Есім­нің шығармасы арқылы т­арих бетіне түссе, А.Кәкішеваның ре­жиссерлігімен қарашаңырақ сах­насында қойылып, сыншылардың жоғары бағасына ие болды және көрермен қауымның қошеметіне бөленді. Жетіген мен домбырада жетік ойнайтын дарын иесі, қазақ қыздарының қайтпас қайсар ру­хын, өр мінезділігін жаңғыртқан Таңсұлу бейнесін театрымыздың актрисасы Ажарлым Бақытжанова шебер сомдады. Қазақтың қайсар, ба­тыр қыздарының символындай бол­ған бұл кейіпкер, актриса ойы­нында ерекше сүрлеу тауып, ұлттық рух­ты оятып, көрермен жүрегінен ерек­ше орын алды. Өзінің жері үшін, елі үшін, рухы үшін сұлулы­ғын тәрк еткен қыз тағдырын жет­кізу­дегі актрисаның шеберлігі көр­ген жанды бейжай қалдырмасы анық. М.Әуезов театрының көрермен­деріне «Анна Каренина» қойылы­мын­дағы кербез жігіт Вронский бей­несі арқылы танымал Нұрғиса Қуанышбайұлы да – Тәуелсіздіктің құрдасы, театрымыздың мақтаны­шы. І.Есенберлиннің «Алмас қы­лыш» тарихи драмасындағы Қасым, М.Омарованың «Көмбе нанның дәмі» драмасындағы Ақеділ, Ғ.Мү­сіре­повтің «Қыз Жібек» музыкалық драма­сын­дағы Төлеген, Г.Томс­кий­дің «Аттила мен Аэций» драмасын­да­ғы Жасинт, М.Әуезовтің «Қобы­лан­ды» драмасын­дағы Шуақ, У.Шек­спирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясындағы Мер­куцио бейнелері көрермен жадында сақталып, актердің қарым-қа­біле­тін айқындады. Н.Қуанышбайұлы­ның кез-келген рөлді құбылтып, бір-біріне ұқсамайтын рөл жасау ше­б­ерлігі әр қойылым сайын жеті­ліп, жаңа қырынан танылып келеді. Еңбек пен ізденістің арқасында ал­дыңғы буынның ізін жалғап, тарих беттерінде қалатын тың бейнелер сомдарына сеніміміз мол. Театрдың жас буын режиссері А.Оспанбаева – театр көрермен­дері­не «Жүрегімнің иесі» психо-фи­зи­калық драмасы арқылы жақсы та­ныс. Жас драматург Айдана Ала­ман­ның «Бір күндік ғұмыр» пьесасы бойынша сахналанған бұл қойы­лым көрермендерді дүр сілкінтіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді дөп басқан болатын. Аталған қойылым, алғаш сахналанған сәттен бастап, бүгінгі күнге дейін театрдың ең танымал қойылымдары қатарында. Жас режиссер 2018 жылы Иран-Ғайыптың «Сүйінбай» спектаклін режиссер М.Ахмановпен, 2019 жылы М.Әуезовтің «Қобыланды» спек­таклін режиссер Н.Жақыпбай­мен бірлесе сахналап, өнер майтал­ман­дарымен тәжірибе алмасқан болатын. 2019 жылы Б.Бедел­ханнның «Мұқағалимен сырласу» поэтикалық драмасын көрерменге ұсынды. Өткен жылы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жыл­дығы қарсаңында сахналаған «Абайдың жұмбағы» драмасы ре­жис­сердің өзіндік қолтаңбасын тағы бір мәрте айшықтап, көрер­мендер мен сыншылар тарапынан оң бағасын алған спектакльдердің бірі болды. Тәуелсіздік құрдастары – жас өнерпаздардың санасы азат, ойы тәуелсіз, қиялы да, мүмкіндіктері де шексіз. Жаңаша өнер жасап, жаңа бағытта ізденуге деген құлшыныс­тар­ы да көңіл қуантады. Сол құл­шыныстың арқасында театр ұжы­мының үлкен белестерден өтіп, ұлттық өнерді әрі қарай да дамыта берері сөзсіз. Басқа қонған бағын ба­ғалайтын театр ұжымының ұлт­тық өнерімізді таныту жолындағы қалт­қысыз қызметі жалынды жас­тар барда өз жалғасын таба бер­мек.

Еркін ЖУАСБЕК

М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының директоры,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері