iPhone 13-ке қатысты жаңа деректер жарияланды

iPhone 13-ке қатысты жаңа деректер жарияланды

iPhone 13-ке қатысты жаңа деректер жарияланды
ашық дереккөзі
Apple-дің жаңа смартфонында деректерді қорғайтын екі сенсор — Face ID және Touch ID болады. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында белгілі инсайдер Макгуайр Вуд мәлімдеді, деп жазады Lenta.ru. Маманның айтуынша, Apple өз смартфондарында жаңа Touch ID саусақ ізі сенсорын қолдануға келіскен. Алайда, бұл функция iPhone 13-те қолданыла ма, жоқ па, ол туралы хабарланбайды. Ультрадыбыстық сенсор смартфон экранына енгізіледі, ол тек  Apple-дің түпнұсқа дисплейлерімен жұмыс істейді. "Бұл құрылғыны жөндеудегі тағы бір түйткіл", — деді блогер. Сонымен қатар, жаңа смартфондарда биометриялық Face ID сенсоры қалады. Пайдаланушы телефон бұғатын ашудың кез-келген тәсілін таңдай алады, бірақ кейбір операцияларды растау үшін — төлем, жеке деректерді ашу, қосымшаларды сатып алу және т.б. — Touch ID және Face ID растау қажет болады. Өз есебінде Макгуайр Вуд Apple компаниясы бір терабайт ішкі жады бар Pro сериялы смартфондарды шығаруды және физикалық Lightning портынан бас тартуды мақұлдағанын атап өтті. Автордың болжамынша, компанияның топ-менеджерлері жақын арада iPhone 13 Pro және 13 Pro Max-та осы опциялардың болуы туралы мәселені шешеді. Блогердің айтуынша, Apple жаңа смартфондарды қалай атайтынын әлі шешпеген. Алайда компания өкілдері iPhone 12s-тен гөрі iPhone 13 атауына басымдық беріп отырған көрінеді.