Салық – халықтың қазынасы

Салық – халықтың қазынасы

Салық – халықтың қазынасы
ашық дереккөзі
Қазіргі кезде ел азаматтарын төленбеген салық, өсімпұл мә­селелері жиі алаңдатады. Оған қоса салық рақым­шы­лы­ғы, салықтағы түрлі жеңілдіктер, жаңалықтар, жүр­гізі­ліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты білу – салықтың мәні мен мазмұнын түсінуге жол ашады. Осы орайда Қаржы ми­нистрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының орын­басары Олжас Отармен сұхбаттасып, салыққа қатысты ең көп қойылатын сұрақтарға жауап іздеп көрдік. – Елімізде бірнеше рет са­лық рақымшылығы болды. Оған кімдер ілікті? Жалпы са­лық рақымшылығы туралы не­ні білу керек, не нәрсені ес­кер­ген жөн? – Жалпы алғанда біздің үкімет кә­сіпкерлерге де, жеке салық тө­леушілерге де көптеген жағдай жа­сап жатыр. Мысалы 2019 жылы ша­ғын және орта бизнес өкілде­рі­мен қатар жеке тұлғаларға да мүлік, көлік, жер салығы бойынша рақым­шы­лық берілді. Сол 2019 жыл бойын­ша жалпы 1 миллион 400 мың­ға жуық салық төлеушінің 21 мил­лиардқа жуық берешегі болған. 2019 жылы салық рақымшылығы шең­берінде жеке тұлғалар үшін аумақтық мемлекеттік кіріс ор­ган­дары 756 мың жеке тұлғаның өсім­пұлын есептен шығарды, олар бойын­ша 16 миллиард теңге мөл­шерінде негізгі борыш сомасы тө­ленді және 3,1 миллиард теңге со­ма­сына өсімпұл есептен шыққан. Сонымен қатар жалпы қарыздары бар салық төлеуші тұлғалардың 61 пайызы негізгі салығын төлеген. 2020 жылы да Үкімет қалған салық төлеушілердің мәселелерін кө­теріп, жеке тұлғаларға арналған са­лық рақымшылығын жалғас­тыр­д­ы. Соның аясында 1 млн 400 мың қарызы бар тұлға 12 миллиардқа жуық негізгі салығын төлеп, қате­лес­песем 6 миллиардқа жуық өсімпұлы ке­шірілді. Бұл жерде жалпы 800 мың­нан астам жеке тұлға салығын тө­леді. Қалған жеке тұлғаларға талдау жүргізген кезде 500 мыңға жуық тұлға мүлік, көлік, жер салығы бойын­ша 1000 теңгеге жетпейтін со­мада қарызы бар екені анықтал­ған. Сонымен қатар, жалпы ең көп салық қарызы осы мүлік салығы бойынша екенін де айта кету керек. Бұл жерде де біздің көп мәселеге сал­ғырт қарайтынымыз байқалады. Сон­да бұл – салықты қиналғаннан тө­лей алмау емес, салық мәдение­ті­нің қалыптаса қоймағанын көрсе­те­ді. Салыққа салғырт қарайтыны­мыз­ды байқатады. Қазіргі кезде, қа­рап тұрсаңыз 1000 теңге деген қо­мақты қаражат емес. Бірақ жи­нала келе қаншама қаражат мемле­кет­ке түспейді. Бұл – облыстық, ау­дандық, қалалық әкімдіктің бюд­жетіне түсетін қаражат. Бір аудан орталығында аурухана, мектеп, балабақша салу үшін шамамен 300-350 миллион теңгеге жуық қаржы кетеді. Салығымды төлесем, мейлі ол 1000 теңге болсын, көшеде бір шам артық жанады деген түсінік қалыптасуы керек.  Жүздеген адам салығын уақытылы төлер болса, бір көшенің жолы жөнделеді немесе бір мектеп салынады. – Одан басқа салық төлеуде­қан­дай жеңілдіктер бар? Ол жеңіл­діктер кімдерге жасала­ды? – Мүлік, көлік, жер салығы бойын­ша Ұлы Отан соғысының ар­дагерлері және оларға теңесті­ріл­ген тұлғаларға, І, ІІ топтағы мүм­кін­дігі шектеулі жандарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне са­лық жеңілдіктері қарастырылған. Мысалы, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері қозғалтқыш көлемі 4000 текше см болатын көлікке салына­тын салықтан босатылады. Салық төлеушілерге қиындық тудыр­­масын деп 3,5 миллион көлік құралы бойынша 3 млн 200 мың адамның салығын алдын ала есеп­теп, 20-наурыздан кейін арнайы ха­барлама жібердік.  2020 жыл үшін 21 жылғы 1 қазанға дейін мүлік және жер салығын төлеу міндет­теме­сі келеді. Бұл – бұлжымайтын қағида, 1 қазанға дейін төленуі ке­рек. Ал көлік салығы бойынша өз­герістер енгізіліп, 1 сәуірге дейін ауыс­т­ырылды. – Қиындық тудырмау деген­нен шығады, қазір заман тала­бы­на сай бар­лығы цифрлан­дыры­лып жатыр. Ха­лыққа қыз­мет көрсету орталық­тарын­да бұрынғыдай кезекте тұ­рып, қа­ғаз жинамай-ақ қажет қыз­ме­­тіңізді ала аласыз. Салық тө­леу не­месе басқа да қызметтерді оңтай­лан­дыру, жеңілдету бойын­ша атқа­рыл­ған шарал­ар­ға тоқтала кетсеңіз. – 2020 жылғы қазаннан бастап e-salyq Azamat мобильдік қосым­ша­сында түзету қызметі енгізіліп, қа­зіргі кезде мүлік, көлік жер салығы бойынша 12 мыңға жуық салық төлеуші қателесіп төлеген салығын қайта түзететін мүмкіндік алып отыр. Сонымен қатар 1 сәуірдегі жағ­дай бойынша мобильдік қо­сым­шаны 440 мыңға жуық салық тө­леу­ші пайдаланған. Оның ішінде 12 мыңға жуық азамат түзету қызметін қолданған. Жеке тұлға өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін теру арқылы қанша қарызы бар екенін біле ала­ды. Сонымен қатар алдағы төлемде­рін де көре алады. Оған қоса Президенттің көлең­ке­лі бизнестің алдын алу туралы тап­сырмасына байланысты жұмыс­шы­лардың еңбекақысын көру мүм­к­індігі іске қосылды. Сізге қанша айлық төленгенін, зейнетақы қоры­на қанша қаражат аударылғанын сонымен қатар қанша табыс салы­ғы төленгені барлығы көрініп тұра­ды. Мұның барлығы – көлеңкелі эко­номиканың алдын алу үшін ат­қарылып жатқан шаралар. Сонымен қатар биылдан бастап жал­пыға бірдей декларацияға кө­шу­дің бірінші кезеңі өтіп жатыр. 246 мыңнан астам адам e-salyq Azamat қосымшасы арқылы дек­ла­ра­ция тапсырған. Оған бар-жоғы 1-2-ақ минут уақыт кетеді. 24 мың­ға жуық адам салық әмиянын тол­тырса, ондағы артық төлемдерді авто­матты түрде қайтару қызметін 8000-нан астам адам қолданған. Артық төленген ақшаны қайтарып алуға болады, не болмаса басқа салыққа, яғни мүлік салығынан жер салығына немесе жер салы­ғынан мүлік салығына аударуға болады. Мұның барлығын ешқайда шықпай-ақ, үйде жасауға болады. Яғни салық төлеушіге жағдай жа­салып отыр. Биыл 1 шілдеден бас­тап жеке кәсіпкерлерге арналған қо­сымша да іске қосылады. e-salyq Azamat мобильді қосым­шасы өте ыңғайлы, сондықтан пай­далануға кеңес беремін. Сол ар­қылы қарызыңыз бар ма, жоқ па соны тексеріп, бірден сол қосымша арқылы төлей аласыз. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 сәуір­ді қоса алғандағы кезеңде жеке тұлғалардың көлік құралда­ры­на салынатын салық бойынша бюд­жетке 19,7 миллиард теңге түс­ті. Осы жылғы 25 наурыздағы жағ­дай бойынша бұған дейін 6,6 мил­лиард теңге түссе, алдағы төлемдер туралы push-хабарлама жіберген­нен кейін 13,1 миллиард теңге түс­кен. – Жалпы бюджеттің қанша пайы­зы салықпен толығады? Қай саланың салығы ең жоға­ры­, қай саланыкі, керісінше, тө­мен? – Жалпы салық халық үшін жұм­салады ғой. Бюджеттің басым бөлігі, шамамен 70-80 пайызға жуы­ғы салықпен толығады. Ең көп са­лық төлейтіндер – қазба жұмыс­та­ры­мен айналысатын, алтын кен орын­дары, көмір, мұнай, газ сала­сын­дағылар. Ал ең аз салық мүлік, көлік, жер салығынан түседі. Жеке тұлғалардың қай-қайсын­да болмасын, «мен салығымды тө­ле­дім бе?» деген ой болуы керек. «Мем­лекет өйтуі керек, мемлекет б­ы­лай істеуі керек» деп жатамыз. «Біз­дің қазба байлықтарымыз бар, оның ақшасы қайда кетіп жатыр?» деп жатамыз ғой, осының  барлығы салық арқылы келіп халықтың қа­зынасына түседі.  Мемлекеттік ор­ган­дарда отырған қызметкерлер әр тең­ге үшін жұмыс істейді. Салық қыз­меткерлері бір кәсіпорын салы­ғын дұрыс төледі ме, жоқ па бәріне арнайы талдау жүргізіп отырады. Мұның барлығы қазір цифрлан­дырылған. – Қазіргі кезде сот орын­дау­шы­ларының қызметі төңіре­гінде мәселе де, сұрақ та жиі туындап жатады. Дегенмен олар да белгілі бір белгіленген шең­бер аясында, заң бойынша қыз­мет атқарады. Олардың қызмет-құзыреті қандай? Жалпы сот орындаушылары өндіріп алу бойынша қандай шараларды атқаруға құқылы? – Иә, қазіргі кезде сот орын­дау­шы­ларына қатысты мәселе көп көтерілетін болды.  Бес теңгем үшін бұғат­тап тастапты, шетелге шыға ал­май қалдым дегенді де жиі ести­міз. Осы орайда айта кететін нәрсе – бес-он теңге үшін  мүлік, көлік, жер са­лығы бойынша есепшот бұғат­тал­майды. Қарыз 20 айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда ғана сот орындаушыларының арнайы шешімімен шетелге шығуға шектеу қойылады. Мысалы биыл 1 сәуірде 2020 жыл­ға мүлік, көлік, жер салығын тө­леу мерзімі аяқталды. Одан ке­шік­кен тұлғаларға 30 жұмыс күні­нің ішінде, 45 күнтізбелік күн өт­кен­нен  кейін банк қосымшалары ар­қылы, e-salyq Azamat арқылы және салық төлеушінің кабинеті арқылы тағы хабарлама жіберіледі. Сіз ол хабарламаны алғаннан кейін төлемесеңіз, 5 күннен кейін салық­тық бұйрық шығарылады. Бұрын оны бірден сотқа жіберетін, қазір ол бұйрықты  мемлекеттік кірістер органы шығарып, тағы хабарлама жі­береді. Содан кейін ғана іс сот орын­даушыларына жолданады. Олар да сізге арнайы хабарлама жі­­береді. Осыдан соң барып қана сот орындаушылары арнайы шешім шы­ғарып, сіздің банк есепшот­тарыңыз­ды бұғаттап, мүлік, көлік, жерді сатуға және қарызыңыз 20 айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда шетелге шығуға шектеу қояды. Сот орындаушылары өндір­ген ақшасының белгілі бір пайыз­дық мөлшерін еңбекақы ретінде алады. Мейлінше істі сот орын­дау­шыларына дейін жеткізбеген жөн. Сол үшін де телеарналар, әлеуметтік желілер түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Дамыған елдерде айтылатын мы­нандай сөз бар: «Бірінші ажал­дан, екінші салықтан құтыла ал­май­сың». Яғни көптеген елде салық төлеу мәдениеті қалыптасқан, салық төлемеген адам қоғамнан оқшауланады. Бізге де сол нәрсе керек. Оған қоса біздің ел әлем бойын­ша салық салу мөлшерлемесі ең төмен елдердің қатарында еке­нін де атап өткен жөн. Шын мәнінде, уақытында қар­жы түспегендіктен қаншама жұмыс кей­інге қалып жатады. Сондықтан біз ең бірінші кезекте осы салықты уақытында төлеу мәселесімен шын­дап айналысуымыз керек. Салық ха­лықтың қазынасы ғой. Сол ар­қылы айлық аламыз, сол арқылы зей­нетақы, шәкіртақы беріледі. Бұл – қо­ғамдағы үнемі айналымда болатын ме­ханизм.  

Әңгімелескен

Ділда УӘЛИБЕК