«Болашақ» – білімді мен біліктінің тірегі

«Болашақ» – білімді мен біліктінің тірегі

«Болашақ» – білімді мен біліктінің тірегі
ашық дереккөзі
ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында жаңа тәуелсіз елдер пайда болып әлем картасына өзгеріс еніп қана қойған жоқ, осы ғасырдың туынды йан жоқ, осы ғасырдың туыжынды параттық технологииның даму лімі технологииның даму лімі Сондықтан заман талабынан қалып қоймау дәуірдің басты қажеттілігіна айналған шақт халықаралық қауымдастықтың тең құқықты мүшесі болғана Қазақстан да әлемдік даму үрдісінен сает қалмау үшін стратегиялық маңызы й зора шешімдера қабылдады. Соның ең бір елеулісі Қазақстан Президентiнiң білім беру саласын жетілдіру мақсатында құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарлам болды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашада қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Оның мақса-ты - дарынды жастардың әлемнің үздік ЖОО-ларында сапалы білім алып, олардың білім-білігін мемлекет игілігіне пайдалану еді. Сөйтіп 1994 жылы бір топ қазақстандық студент тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді. Алғашқы он жылда (1994-2004 жж.) «Болашақ» бағдарламасы аясында әлемнің 13 елінде 785 студент білім алды. Н.Назарбаевтың 2005 жылғы халыққа Жолдауында «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің санын арттыру жөнінде айтқан болатын. Осыған орай «Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурс өткізуді ұйымдастыр үшін Қазақстан Үкіметінің 2005 жылға-сәуірдегі № 301 қаулысымно «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлки қоғамы құрылды. Сөйтіп 2005 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау жыл сайын Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін ең керекті мамандықтар тізбесіне жіпізіліпіліпіліпілів тізбесіл жіпізіліпіліпіліпілів. 2005 жылдан «Болашақ» бағдарламасымен білім алуға арналған шетелдер тізімі өсіп, содан бері үміткерлер АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Аустралия, Австрия, Венгрия, Дания, Жапытай, Израиль, Италия, Нидерланды, Нидерланды , Норвегия, Оңтүстік Корея, Польша, Сингапур, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Швейцария сиялты ғылым-білімі дамыған алдыңғы қатарлы елдер арасынан өзіне ыңғайлысын таңдауға мүмкіндік алды. Ал 2007 жылы білім алу мақсаты көзделген елдер мен жоғары оқу орындарының тізімі жаңартылып, толықтырылды. Қазіргі кезде үміткерлер әлемдегі 30-дан аса елдің 600-ден астам беделді оқу орындарында білім алып жатыр. Қазір «Болашақ» стипендиясы негізінде білім алуда магистрлік және докторлық бағдарламаларға, соны бірге мемлекетіміз үшін зор маңызға ие техникалық және медициналық бейіндегі мамандарды даярлауға басымдық беріледі. Жыл сайын үміткерлер саны өсіп отырғана «Болашақ» бағдарламасының негізгі қағидаттары мынадай: үміткерлерді дайындаудың жоғары деңгейі, елімізд жәна одана тыс жерлерде бағдарламаның оң бейнесін сақтап қала, конкурстық іріктеуді ашықтық жәна әділдок қағидаттары бойынша өткізу, стипендия иегерлеріна әлемнің үздік университеттеріна жіберет. 28 жылдан бері қазақ елінің дарынды жас­тарына барынша қолдау көрсетіп келе жатқан «Болашақ» стипендиясы Қазақстан­ның әлемге танылған бағдарламасына айналды. Бағдарлама бойынша жастары­мыздың шетелде сапалы білім алуына жағ­дай жасалып, заман талабына сай білікті маман болуына жол ашылды. «Болашақ» стипендиясымен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында жүздеген ғылыми жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге жетті. 2019 жылғы 23 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада «Тәуелсіз­дік­тің ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде: «Қа­зіргі таңда өнерлі жастарды қолдау үшін белсенді түрде жұмыс жүргізіліп жатқанын бі­ле­сіздер. Қоғамда түрлі бағыттар креа­тивті азаматтардың тұтас шоғыры қалып­тасты. Сонымен бірге, жас ғалымдарға кө­мек көрсетудің маңызы зор. Біз «Бола­шақ» бағдарламасын бекіткеніміздің дұрыс бол­ғанын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Біздің еліміз үшін ең күрделі болған 1993 жылы қарт­тарға зейнетақысы бере алмай жатқан кез­де, мұғалімдер мен дәрігерлерге, әске­ри­лерге айлығын төлей алмай жатқан тұста жас­тарымызды әлемнің ең үздік ЖОО-лары­на жолдап жаттық. Мемлекет әрбір жас үшін жыл сайын 30 мыңнан 50 мың АҚШ долларына дейін төлеп отырды. Міне, осы жолмен қазіргі таңда 14 мың жас өрен оқып, тағы да 20 мыңын ата-аналардың өзі жі­беріп отыр. Олардың 12 мыңы қайтып ке­ліп, біздің экономикаға жұмыс істеуде», − деген еді. Бұл Қазақстанның заманға сай бі­лікті маман даярлау бағытындағы істері­нің жемісті болғанын көрсетсе керек. Жасыратын несі бар, көпшілікті «Бола­шақ» мемлекеттік бағдарламасымен оқи­тын­дарға бюджеттен бөлінген қаржы көле­мі қызықтырып, бұл жайында көпшілік тал­қысына түсетін әңгіме көп. Бұл орайда соң­ғы бес жылда үміткерлер саны мен олар­ға бөлінген қаржы мөлшері мынадай екен: 2017 жылы 309 үміткерге 14 373 727 000 теңге; 2018 жылы 555 үміткерге 15 665 573 000 теңге; 2019 жылы 234 үміткерге 15 601 509 000 теңге; 2020 жылы 106 үміткерге 15 481 434 000 теңге; 2021 жылы 555 үміткерге 15 482 459 000 теңге. Бүгінде құрылғанына 28 жылға жуық­тап қалған мемлекеттік «Болашақ» бағдар­ламасының басты мақсаты – негізінен эко­­но­мика саласының мамандарын даяр­лау. Сондықтан 1994-2004 жылдар ара­лы­ғында негізінен экономикалық және гума­нитарлық мамандықтарға 785 шәкіртақы тағайындалған. Ал 2005 жылдан бастап, мемлекет шәкіртақы санын  көбейтіп,  шетел­ге «Болашақ» арқылы білім іздеп бара­тындар қатары 3 000-ға жетті және бұрын оқу үшін таңдалатын мемлекеттер саны 13 болса, ол 33-ке дейін жетті. Қазақстан Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуір­­дегі №301 қаулысымен «Халықаралық бағ­дарламалар орталығы» акционерлік қо­ға­мы құрылды. Акционерлік қоғам маман­дарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша халықаралық бағдарламалар, соның ішінде Қазақстан Пре­­зидентінің «Болашақ» халықаралық сти­­пендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Айта кету керек, ауыл жастары мен мем­лекеттік қызметкерлер және ғылыми-пе­дагогикалық қызметкерлердің бағдар­лама арқылы алдын ала ағылшын тілін иге­руін жетілдіріп, білім алу мен тәжіри­бе­ден өту мүмкіндігіне 2008 жылдан бастап мүмкіндік берілді. Ал 2011 жылы шетелде ба­калаврлық білім алу бағдарламадан алы­нып тасталды және сол кезден бастап мем­лекеттік органдардың сұранысы бойынша ма­ман­ даярлайтын болды. «Болашақ» бағдарламасы бойынша ширек ғасырда 13 244 шәкіртақы берілсе, соның 12 459-ы 2005-2018 жылдар аралы­ғында шәкіртақыға қол жеткізген. Сол 12 549 шәкіртақының 3 379-ы бакалаврға, 6 598-і магистратураға, 36-сы аспирантураға, 87-сі клиникалық аспирантура, 306-сы док­торантураға, 2 053-і тәжірибеден өтуге бөлінген. Әрине, заман талабына сай білікті ма­ман даярлау арзанға түспейтіні белгілі, де­генмен «Болашақ» бағдарламасы арқылы ала­тын білімнің құны да таңдаған елге бай­ланысты болады. Мәселен, Ұлттық банк бел­гілеген шетелдік валюта курсы бойынша Швейцарияда ЖОО бірінің  магистра­тура­сында стипендиатты 1 жылдық оқыту құны 31,8 миллион теңге болса АҚШ-та магист­ра­тура немесе докторантураның бір жыл­дық оқу құны 24 млн, Австралияда 1 жыл 19 млн, Австрияда 12,4 млн, Ұлыб­рита­нияда 17-19 млн теңге аралығында екен. Сол сияқты, «Болашақ» бағдарламасымен бір жылда Қытайда 4,6 млн, Оңтүстік Ко­реяда 7,1 млн, Ресейде 7,8 млн, Германияда 8,7 млн теңгемен білім алуға болады. «Бола­шақтықтардың» таңдауының басым бөлігі (48,8 пайызы) Ұлыбритания мен Ирлан­дияның жоғары оқу орындарына түссе, одан кейінгі орындарды АҚШ пен Кана­да­ны (37,1 пайыз), Еуропа елдері ( 4,7 пайыз), Азия және Океания елдері (4,8 пайыз), Ре­сей (4,6 пайыз) иелеп тұр. Ал шетелден бі­лім іздегендер арасында танымалдары Ман­честер университеті, Лондонның Ко­рол­дік колледжі, Лестер университеті мен Абердин университеті секілді Ұлыбритания жоғары оқу орындары көрінеді. Сол секілді «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің көбі «Бух­галтерлік есеп және аудит, қаржы», «Құқық», «Мұнай-газ ісі» және «Халықара­лық қатынас» мамандықтарын таңдайтыны белгілі болған. «Болашақ» бағдарламасының күткен нәтиже осы бағдарлама бойынша шетел­дер­де білім алған түлектердің жұмысқа ор­наласуы, мемлекеттік қызмет пен оған қа­тысты секторларда жұмыс істеуі еді. Бірақ олардың басым бөлігі мемлекеттік салада қызмет еткісі келмейтіні байқалған. Ал «Болашақ» бағдарламасының ережесі бойын­ша,  осы бағдарламамен білім алған әр адам оқуын бітіргеннен кейін маман­дығы бойынша бірнеше жыл мемлекеттік органдарда қызмет етуі керек. Анығырақ айтқанда, бағдарлама түлегі 5 жыл респуб­ликалық маңызы бар қалаларда не 3 жыл аймақтарда немесе білім саласында  2 жыл қызмет етуі тиіс.  Сондықтан  шәкіртақы талабы бойынша келісімшарттық міндет­темелерін орындамағандар Халықаралық бағдарламалар орталығының бақылауында тұрады. Бүгінде орталықтың мәліметінше бір пайыздан аз «Болашақ» түлектері жұ­мыс­сыз жүрген көрінеді. Сосын тағы бір айта кететін нәрсе, «Болашақ» арқылы білім алғандардың арасында бұрын шетелде қалғысы келетіндердің қатары бірталай болатын. Тіпті олардың саны қайбір жылы 150-ге жетсе, азір аз. «Болашақ» дегенде елдің ойында «сол бағдарламамен оқып келгендердің арасында қандай жетістікке жеткендер бар екен?» деген сұрақ тұратыны белгілі. Бұл жағынан алғанда, мемлекеттің «болашақтықтарды» жақсы бағалап, оларға үлкен байім артқанықалады. Жалпы, «Болашақ» бағдарламасымен білім алып, елге келіп еңбек етіп, шетелде алған сапалы білімін елдің өркендеуіне арнап жатқан тұлғалар көп. Сондықтан еліміздің білімді, дарынды жастарының бағын ашып, елдің дамуына пайдасын тигізе берері, «Болашақтың» болашағы әлі алда екені анық.

Ахмет ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ