«Болашақ» – білімді мен біліктінің тірегі
«Болашақ» – білімді мен біліктінің тірегі
ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында жаңа тәуелсіз елдер пайда болып әлем картасына өзгеріс еніп қана қойған жоқ, осы ғасырдың туынды йан жоқ, осы ғасырдың туыжынды параттық технологииның даму лімі технологииның даму лімі Сондықтан заман талабынан қалып қоймау дәуірдің басты қажеттілігіна айналған шақт халықаралық қауымдастықтың тең құқықты мүшесі болғана Қазақстан да әлемдік даму үрдісінен сает қалмау үшін стратегиялық маңызы й зора шешімдера қабылдады. Соның ең бір елеулісі Қазақстан Президентiнiң білім беру саласын жетілдіру мақсатында құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарлам болды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашада қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Оның мақса-ты - дарынды жастардың әлемнің үздік ЖОО-ларында сапалы білім алып, олардың білім-білігін мемлекет игілігіне пайдалану еді. Сөйтіп 1994 жылы бір топ қазақстандық студент тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді. Алғашқы он жылда (1994-2004 жж.) «Болашақ» бағдарламасы аясында әлемнің 13 елінде 785 студент білім алды.
Н.Назарбаевтың 2005 жылғы халыққа Жолдауында «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің санын арттыру жөнінде айтқан болатын. Осыған орай «Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурс өткізуді ұйымдастыр үшін Қазақстан Үкіметінің 2005 жылға-сәуірдегі
№ 301 қаулысымно «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлки қоғамы құрылды. Сөйтіп 2005 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау жыл сайын Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін ең керекті мамандықтар тізбесіне жіпізіліпіліпіліпілів тізбесіл жіпізіліпіліпіліпілів.
2005 жылдан «Болашақ» бағдарламасымен білім алуға арналған шетелдер тізімі өсіп, содан бері үміткерлер АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Аустралия, Австрия, Венгрия, Дания, Жапытай, Израиль, Италия, Нидерланды, Нидерланды , Норвегия, Оңтүстік Корея, Польша, Сингапур, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Швейцария сиялты ғылым-білімі дамыған алдыңғы қатарлы елдер арасынан өзіне ыңғайлысын таңдауға мүмкіндік алды. Ал 2007 жылы білім алу мақсаты көзделген елдер мен жоғары оқу орындарының тізімі жаңартылып, толықтырылды. Қазіргі кезде үміткерлер әлемдегі 30-дан аса елдің 600-ден астам беделді оқу орындарында білім алып жатыр. Қазір «Болашақ» стипендиясы негізінде білім алуда магистрлік және докторлық бағдарламаларға, соны бірге мемлекетіміз үшін зор маңызға ие техникалық және медициналық бейіндегі мамандарды даярлауға басымдық беріледі. Жыл сайын үміткерлер саны өсіп отырғана «Болашақ» бағдарламасының негізгі қағидаттары мынадай: үміткерлерді дайындаудың жоғары деңгейі, елімізд жәна одана тыс жерлерде бағдарламаның оң бейнесін сақтап қала, конкурстық іріктеуді ашықтық жәна әділдок қағидаттары бойынша өткізу, стипендия иегерлеріна әлемнің үздік университеттеріна жіберет.
28 жылдан бері қазақ елінің дарынды жастарына барынша қолдау көрсетіп келе жатқан «Болашақ» стипендиясы Қазақстанның әлемге танылған бағдарламасына айналды. Бағдарлама бойынша жастарымыздың шетелде сапалы білім алуына жағдай жасалып, заман талабына сай білікті маман болуына жол ашылды. «Болашақ» стипендиясымен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында жүздеген ғылыми жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге жетті.
2019 жылғы 23 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде: «Қазіргі таңда өнерлі жастарды қолдау үшін белсенді түрде жұмыс жүргізіліп жатқанын білесіздер. Қоғамда түрлі бағыттар креативті азаматтардың тұтас шоғыры қалыптасты. Сонымен бірге, жас ғалымдарға көмек көрсетудің маңызы зор. Біз «Болашақ» бағдарламасын бекіткеніміздің дұрыс болғанын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Біздің еліміз үшін ең күрделі болған 1993 жылы қарттарға зейнетақысы бере алмай жатқан кезде, мұғалімдер мен дәрігерлерге, әскерилерге айлығын төлей алмай жатқан тұста жастарымызды әлемнің ең үздік ЖОО-ларына жолдап жаттық. Мемлекет әрбір жас үшін жыл сайын 30 мыңнан 50 мың АҚШ долларына дейін төлеп отырды. Міне, осы жолмен қазіргі таңда 14 мың жас өрен оқып, тағы да 20 мыңын ата-аналардың өзі жіберіп отыр. Олардың 12 мыңы қайтып келіп, біздің экономикаға жұмыс істеуде», − деген еді. Бұл Қазақстанның заманға сай білікті маман даярлау бағытындағы істерінің жемісті болғанын көрсетсе керек.
Жасыратын несі бар, көпшілікті «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасымен оқитындарға бюджеттен бөлінген қаржы көлемі қызықтырып, бұл жайында көпшілік талқысына түсетін әңгіме көп. Бұл орайда соңғы бес жылда үміткерлер саны мен оларға бөлінген қаржы мөлшері мынадай екен:
2017 жылы 309 үміткерге
14 373 727 000 теңге;
2018 жылы 555 үміткерге
15 665 573 000 теңге;
2019 жылы 234 үміткерге
15 601 509 000 теңге;
2020 жылы 106 үміткерге
15 481 434 000 теңге;
2021 жылы 555 үміткерге
15 482 459 000 теңге.
Бүгінде құрылғанына 28 жылға жуықтап қалған мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасының басты мақсаты – негізінен экономика саласының мамандарын даярлау. Сондықтан 1994-2004 жылдар аралығында негізінен экономикалық және гуманитарлық мамандықтарға 785 шәкіртақы тағайындалған. Ал 2005 жылдан бастап, мемлекет шәкіртақы санын көбейтіп, шетелге «Болашақ» арқылы білім іздеп баратындар қатары 3 000-ға жетті және бұрын оқу үшін таңдалатын мемлекеттер саны 13 болса, ол 33-ке дейін жетті.
Қазақстан Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі №301 қаулысымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылды. Акционерлік қоғам мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша халықаралық бағдарламалар, соның ішінде Қазақстан Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
Айта кету керек, ауыл жастары мен мемлекеттік қызметкерлер және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің бағдарлама арқылы алдын ала ағылшын тілін игеруін жетілдіріп, білім алу мен тәжірибеден өту мүмкіндігіне 2008 жылдан бастап мүмкіндік берілді. Ал 2011 жылы шетелде бакалаврлық білім алу бағдарламадан алынып тасталды және сол кезден бастап мемлекеттік органдардың сұранысы бойынша маман даярлайтын болды.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша ширек ғасырда 13 244 шәкіртақы берілсе, соның 12 459-ы 2005-2018 жылдар аралығында шәкіртақыға қол жеткізген. Сол 12 549 шәкіртақының 3 379-ы бакалаврға, 6 598-і магистратураға, 36-сы аспирантураға, 87-сі клиникалық аспирантура, 306-сы докторантураға, 2 053-і тәжірибеден өтуге бөлінген.
Әрине, заман талабына сай білікті маман даярлау арзанға түспейтіні белгілі, дегенмен «Болашақ» бағдарламасы арқылы алатын білімнің құны да таңдаған елге байланысты болады. Мәселен, Ұлттық банк белгілеген шетелдік валюта курсы бойынша Швейцарияда ЖОО бірінің магистратурасында стипендиатты 1 жылдық оқыту құны 31,8 миллион теңге болса АҚШ-та магистратура немесе докторантураның бір жылдық оқу құны 24 млн, Австралияда 1 жыл 19 млн, Австрияда 12,4 млн, Ұлыбританияда 17-19 млн теңге аралығында екен. Сол сияқты, «Болашақ» бағдарламасымен бір жылда Қытайда 4,6 млн, Оңтүстік Кореяда 7,1 млн, Ресейде 7,8 млн, Германияда 8,7 млн теңгемен білім алуға болады. «Болашақтықтардың» таңдауының басым бөлігі (48,8 пайызы) Ұлыбритания мен Ирландияның жоғары оқу орындарына түссе, одан кейінгі орындарды АҚШ пен Канаданы (37,1 пайыз), Еуропа елдері ( 4,7 пайыз), Азия және Океания елдері (4,8 пайыз), Ресей (4,6 пайыз) иелеп тұр. Ал шетелден білім іздегендер арасында танымалдары Манчестер университеті, Лондонның Королдік колледжі, Лестер университеті мен Абердин университеті секілді Ұлыбритания жоғары оқу орындары көрінеді. Сол секілді «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің көбі «Бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы», «Құқық», «Мұнай-газ ісі» және «Халықаралық қатынас» мамандықтарын таңдайтыны белгілі болған.
«Болашақ» бағдарламасының күткен нәтиже осы бағдарлама бойынша шетелдерде білім алған түлектердің жұмысқа орналасуы, мемлекеттік қызмет пен оған қатысты секторларда жұмыс істеуі еді. Бірақ олардың басым бөлігі мемлекеттік салада қызмет еткісі келмейтіні байқалған. Ал «Болашақ» бағдарламасының ережесі бойынша, осы бағдарламамен білім алған әр адам оқуын бітіргеннен кейін мамандығы бойынша бірнеше жыл мемлекеттік органдарда қызмет етуі керек. Анығырақ айтқанда, бағдарлама түлегі 5 жыл республикалық маңызы бар қалаларда не 3 жыл аймақтарда немесе білім саласында 2 жыл қызмет етуі тиіс. Сондықтан шәкіртақы талабы бойынша келісімшарттық міндеттемелерін орындамағандар Халықаралық бағдарламалар орталығының бақылауында тұрады. Бүгінде орталықтың мәліметінше бір пайыздан аз «Болашақ» түлектері жұмыссыз жүрген көрінеді.
Сосын тағы бір айта кететін нәрсе, «Болашақ» арқылы білім алғандардың арасында бұрын шетелде қалғысы келетіндердің қатары бірталай болатын. Тіпті олардың саны қайбір жылы 150-ге жетсе, азір аз.
«Болашақ» дегенде елдің ойында «сол бағдарламамен оқып келгендердің арасында қандай жетістікке жеткендер бар екен?» деген сұрақ тұратыны белгілі. Бұл жағынан алғанда, мемлекеттің «болашақтықтарды» жақсы бағалап, оларға үлкен байім артқанықалады.
Жалпы, «Болашақ» бағдарламасымен білім алып, елге келіп еңбек етіп, шетелде алған сапалы білімін елдің өркендеуіне арнап жатқан тұлғалар көп. Сондықтан еліміздің білімді, дарынды жастарының бағын ашып, елдің дамуына пайдасын тигізе берері, «Болашақтың» болашағы әлі алда екені анық.
Ахмет ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ