Жанарбек ӘШІМЖАН: Miras кеңесіне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр

Жанарбек ӘШІМЖАН: Miras кеңесіне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр

Жанарбек ӘШІМЖАН: Miras кеңесіне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының «Халық үні­не құлақ асатын мемлекет» тұжы­рым­дамасын іске асыру аясында 14 кеңес құрылды. Әрине, барлығының өзін­­дік орны мен мақсаты, бағыт ба­ғ­да­ры алабөтен, бірақ Miras кеңесіне жүк­теле­тін жауапкершіліктің салмағы өз алдына бөлек. Кеңес бұдан бұрын да жұмыс істеді, та­лай өзекті мәселелерді көтеруге мұ­рын­дық болды. Кезінде «Nur Otan» партиясы жа­нын­­дағы Саяси кеңес бюросының ше­ші­­­мімен сайлауалды бағдарламадағы ба­сым бағыттардың жүзеге асуына ық­пал ету үшін 14 республикалық Қоғам­дық кеңес құрылды. Бұл –бақылаушы құ­рылым. Өздеріңіз білесіздер, партия бас­шысы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың тікелей тапсырмасымен  217 сай­лауал­ды бағдарламасы терең зерттеліп, тал­данып жасалған болатын. Сол құ­жат­ты іске асыру бойынша Жол кар­та­лары бекітілген. Сайлауалды бағдарла­ма­да көзделгендей осы жылдар ішінде ке­зең-кезеңімен 80 мыңнан астам ин­ди­ка­торға қол жеткізу қажет. Депутат­тар заң жобаларын әзірлеуден бөлек қо­ғам­дағы түйткілді мәселелердің ше­ші­мін табу үшін осы бағыттарды да ба­қылауға алады. Партияның Қоғамдық кеңестерінің жұ­­мысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Х­а­лық үніне құлақ асатын мемлекет» тұ­­жырымдамасы негізінде уақыт ағы­мы­на сай жүйеленіп, қайта жасақталып отыр. Соның ішінде «Nur Otan» партиясы жа­нын­дағы мәдениет және өнер бағы­тын­дағы Miras республикалық кеңесінің же­тек­шілігі бізге жүктелді. Бұл – ең әуе­лі халықтың және Елбасының сенімі. Кеңестің мүшелері – қоғамдағы, со­нымен қатар өз саласындағы қорда­лан­ған мәселелерді бес саусағындай білетін, мәдениет пен өнердің бір пұшпағында жүр­ген азаматтар мен қайраткерлер, де­пу­таттар мен үкіметтік емес ұйым­дар­дың өкілдері, сарапшылар, зиялы қауым өкілдері. Олар өздеріне үй-жай, жағдай сұрамайды, оларды алаңдататын – ұлт­тың мәселесі. Сол мәселелердің нақты, іс жүзінде шешімін тауып, заңды құжат бойынша жүзеге асуына ықпал етуді мақ­сат тұтады. Руханият пен мәдениет­те­гі және басқа да игі бастамаларға қол­­дау білдіреді. Бірінші кезекте сайлауда берілген уәде­лердің орындалуын жүйелі бақылау, бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуына мониторинг жасау қол­ға алынбақ. Әдебиет пен мәдениет,руханият саласында да ұйыған мәселелер аз емес. Бірнеше талқылаудан соң кеңестің ере­жесі қайта бекітілді. Құрам мүшелерін анықтау бағытында жұмыстар жүргізі­ліп жатыр. Жақында кеңестің алғашқы жиыны өтеді. Айту бір бөлек, оның орындалуы деген мәселе бар. Біз айтудай-ақ айта­мыз, ал оның жүзеге асуы атқарушы ор­­ган­дардың құзыретінде.  Осыған бай­ланысты халық және билікпен тығыз бай­ланыс орнатып,  атқарушы органдар­дың біз нұсқаған, біз ұсынған бағыттағы жұмыстарына мониторинг жүргізу, қа­да­ғалауды да қолға алмақпыз. Айтылған нәрсе, көтерілген мәселе жерде қалмауы керек. Кеңес те сол үшін жұмыс істейтін болады.

Жанарбек ӘШІМЖАН,

Парламент Мәжілісінің депутаты, Miras республикалық кеңесінің төрағасы: