Тағы бір мемлекет төрт күндік жұмыс аптасына көшеді

Тағы бір мемлекет төрт күндік жұмыс аптасына көшеді

Тағы бір мемлекет төрт күндік жұмыс аптасына көшеді
ашық дереккөзі
Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін Жапония билігі төрт күндік жұмыс аптасына көшу мәселесін пысықтап жатыр.  Daily Mail басылымының хабарлауынша, жапон үкіметі жұмыс уақытының қысқаруы пандемиядан зардап шеккен елдің туризм саласына оң ықпал етеді деген үмітте. Елде  бір ай бойы "үш күндік демалыстың таңдамалы жүйесі" сынақтан өткізілмек. Жапония үкіметі ел тұрғындарының жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауына баса назар аудару керек деп есептейді. 2019 жылы Microsoft Japan компаниясы төрт күндік жұмыс аптасына қатысты тәжірибе жүргізді. Ол кезде әдеттегіден 40 пайызға көп жұмыс істеліп, өнімділіктің жоғарылауы байқалған. Еске салсақ, бұған дейін Испания үкіметі елде төрт күндік жұмыс аптасын енгізудің ұлттық пилоттық жобасын бекіткен болатын. Үш жылға созылатын тәжірибеге 50 миллион еуро бөлінген. Жапония билігі жұмыс аптасын 40-тан 32 сағатқа дейін қысқартатын, бірақ қызметкерлерінің жалақысын азайтпайтын компанияларды қаржылай қолдауды жоспарлап отыр. Más País партиясының бастамасымен қолға алынған пилоттық жоба кәсіптің кірісін төмендетпей, еңбек өнімділігін арттыруды көздейді.