Негізгі ұстаным – елімізде адам капиталын дамыту

Негізгі ұстаным – елімізде адам капиталын дамыту

Негізгі ұстаным – елімізде адам капиталын дамыту
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының жанынан Білім мен ғы­лымды дамытудың Республикалық Қоғамдық кеңесі құрылғаны баршамызға белгілі. Еліміздің дамуының негізгі бағыттарын қамтитын дәл осындай 14 Қоғам­дық кеңес «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өз­ге­ріс­тер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағ­дар­лама­сы­ның тиімді жүзеге асырылуына ықпал ете­тініне сенім мол. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей се­німі және партияның бюро шеші­мі­мен аталған Қоғамдық кеңестің төрайымы ре­тінде сайландым. Мен үшін бұл  әуе­лі – үлкен жауапкершілік. Себебі «Nur Otan» партиясының Бі­лім мен ғылымды дамыту жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңесі пар­тия жанындағы консультативтік-кеңесші орган және партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр аза­матқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағ­дарламасының «Бақытты балалар», «Болашағына сенімді жастар», «Пара­сатты және зияткер қоғам» бағытта­рын тиімді жүзеге асырылуына, сон­дай-ақ білім саласының дамуына ық­пал ету мақсатында құрылып отыр. Бұл орайда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ аса­­тын мемлекет» тұжырымдамасын жү­зеге асыру үшін партияның Қоғам­дық Кеңестері жүйелі түрде партия­ның сайлаушылар мен билік арасын­дағы дәнекері болуға атсалысады деп ойлаймын. «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек сайланған 14 Қоғамдық кеңестің төра­ғаларына партияның алға қойған мақсаттары мен міндеттерін орын­дау­дың басым бағыттарына тоқталды. Білім мен ғылымды дамыту жөнін­дегі Республикалық Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республика­сы­ның Конституциясын, Қазақстан Рес­публикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық ак­тілерін, партияның Жарғысын, Сая­си тұғырнамасын, партияның Сайлауал­ды бағдарламасын және партияның басқа да бағдарламалық құжаттарын, партия бюросы мен Саяси кеңесінің қаулыларын, Парламент Мәжілісіндегі және мәслихаттардағы партия фрак­циялары, сонымен қатар «Nur Otan» пар­тиясы жанындағы Білім мен ғы­лым­ды дамыту жөніндегі Республика­лық қоғамдық кеңес туралы ережелер­ді басшылыққа алады. Қоғамдық кеңестің негізгі міндет­тері ретінде партияның сайлауалды бағдарламасының «Бақытты балалар», «Болашағына сенімді жастар», «Пара­сатты және зияткер қоғам» бағыт­та­рын жүзеге асырылуы мен мониторин­гін қамтамасыз ету, білім мен ғылым мә­селелері жөніндегі заңнаманы же­тілдіруге ықпал ету,  білім мен ғылым саласы өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамта­масыз етуге ықпал ету, білім мен ғы­лым саласында, оның ішінде заңнама­ны жетілдіруге бағытталған ұсыным­дар әзірлеу, білім мен ғылым саласына қатысты өзге де мәселелерді талқылау айқындалған. Білім – қашанда қоғам дамуының айнасы, өркениет дамуының басты көр­сеткіші. Пандемия кезінде қашық­тан оқыту білім беру және білімді түсіну тұрғысынан жаңа көзқарас, тың әдіс-тәсілдердің қоғамда қажет екенін анық көрсетті. Білім саласы әлі де дамытуды, өзекті мәселелерді уақытылы шешуді қажет етеді. «Nur Otan» партиясы жанындағы Білім мен ғылымды дамытудың Республикалық Қоғамдық кеңесі еліміздегі білім саласында, атап айтқанда мектепалды даярлық, ауыл мен қала мектептерінің арасындағы білім сапасында алшақ­тық­ты азайту, барлық орта білім беру саласының 75 пайызы ауыл мектеп­тері, ауыл мектептерінің өзекті мәсе­лелері, педагог кадрларды даярлау са­пасы, 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақхана­ларында кемінде 50 мың жаңа орын енгізу, Назарбаев университетінің тәжірибесі негізінде 2 озық өңірлік жоғары оқу орнын құру әрі жасақтау, жас ғалымдарға жыл сайын 1 мың грант беру, ғылыми ұйымдар мен жо­ғары оқу орындарындағы зертхана­лар­дың жабдықтарын жаңарту, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жетілдіру мәселелеріне арналған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын тиімді жү­зеге асыруына ықпал етеді. «Nur Otan» партиясы Сайлауалды бағдар­лама­сының тиімді жүзеге асырылуына ар­налған Жол картасында көрініс тап­қан 355 пункттің 52-сі еліміздегі білім-ғылымды дамытуға бағытталып отыр. Бұл өз кезегінде еліміздің адам капиталын дамытуды негізгі ұстаным ре­тінде қарастыратынының тағы бір дә­лелі деп білемін. Қоғамдық кеңестің негізгі функ­ция­­лары ретінде отырыстар (оның ішінде көшпелі, онлайн режимінде), аза­маттарды қабылдауды өткізу, ор­талық мемлекеттік органдар, жергі­лікті атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының кеңес қызметінің бағыттары шеңберінде партияның Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне арналған есеп­терін тыңдау, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпаратын, сондай-ақ ұсынымдар әзірлеу үшін кеңес пен партияның аймақтық филиалдары жанындағы білім мен ғылымды да­мыту жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестер мүшелерінің ұсыныстарын қа­растыру, партияның аймақтық фи­лиалдары жанындағы білім мен ғылым­ды дамыту жөніндегі өңірлік қо­ғамдық кеңестердің қызметін үйлес­тіру, жұмыс топтарының жұмы­сын ұйымдастыру, білім мен ғылым өкілдері тарапынан түскен өтініштер мен шағымдарды қарау екендігіне назарларыңызды аударғымыз келеді. Бұдан өзге, Парламент Мәжілісін­дегі және мәслихаттардағы партия фракцияларымен, Партиялық бақылау комитетімен, мүдделі мемлекеттік ор­гандармен, бұқаралық ақпарат құ­рал­дарымен, қоғамдық және үкіметтік емес бірлестіктермен, білім мен ғылым бағыты аясында сарапшылармен, білім мен ғылым саласының өкілдері­мен және өзге де заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, Партиялық бақылау комитетіне пар­тия мүшелерін партиялық жауапк­ер­шілікке тарту туралы ұсыныстар ен­гізу, жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де функцияларды жүзеге асырады. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері қан­дай деген сұраққа жауап берер бол­сақ, әрине жүктелген міндеттерді жү­зе­ге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, сондай-ақ қоғамдық бір­лестіктерден, білім мен ғылым са­ласының өкілдерінен және басқа да жеке немесе заңды тұлғалардан олар­дың келісімі негізінде ақпарат сұра­тып, алуға,  консультациялар өткізу­ге және отырыстарға тиісті мамандар мен ғалымдарды, партия мүшелерін, мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, білім мен ғы­лым саласының өкілдерін шақыруға, отырыстарда білім мен ғылым сала­сын дамыту жөніндегі өңірлік қоғам­дық кеңестер төрағаларының есеп­терін тыңдауға құқылы. Аталған Қо­ғамдық кеңес шешімдері ұсынымдық сипатта болатынын атап өткіміз ке­леді. «Nur Otan» партиясының Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі Респуб­ли­калық Қоғамдық кеңесі жыл сайын 15 ақпанға дейін «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарына жұмыс нәтижелері туралы есеп бере­тін болады. Қоғамдық кеңестің негізгі қағидаттары ашықтық, жүйелілік және тиімділікке сүйенеді. Сайлаушылар «Nur Otan» пар­тия­сының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасының орын­далуына үлкен сенім артады. Еліміздің білімі мен ғылымын өркендетіп, да­мытуда Қоғамдық кеңестің нәтижелі жұмысына барынша еңбек етіп, қо­лым­нан келгенше халықтың, сайлау­шылардың саладағы қордаланған мәселелерінің дұрыс шешілуіне дәне­кер болуға атсалысамын! Қоғамдық кеңестің құрамына бі­лім мен ғылым саласын дамытуға ат­са­лысып жүрген отансүйгіш азаматтар, қоғамдық пікір қалыптастырушы сала мамандары, сарапшылар, депутаттар, мемлекеттік орган қызметкерлері, прай­мериз қатысушылары мен жеңім­паздары, партияның кадрлық резерв мүшелері кіреді. Білім мен ғылымды дамытуға аза­маттық ұстанымы бар кез келген ма­ман үшін эксперттік алаң ретінде әр­дайым ашықпыз.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі: