Ақордада тағы да кадрлық ауыс-түйіс болды

9 сәуір, 2021 / Бақытбек ҚАДЫР
ашық дереккөзі
Ақордада тағы да кадрлық ауыс-түйіс болды Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Жайсаңбаев Қазақстан Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. Кеше Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болған Нұрлан Сауранбаев лауазымынан босатылып, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ» басшысы қызметіне тағайындалған болатын.