Жаңалықтар

Ғарышкер қазақ елін сағынышпен еске алды

ашық дереккөзі

Ғарышкер қазақ елін сағынышпен еске алды

1981 жылы нау­рыз айының 22-сі күні моңғол азаматы Жуг­дэрдэмидийн Гуррагчаа мен КСРО-ның екі дүркін Батыры, ұш­қыш-ғарышкер Вла­димир Жаныбеков «Союз-39» кемесімен Бай­қо­ңыр­дан ғарышқа көте­рілген болатын. Аталған оқиғаға 40 жыл және адамзаттың ғарыш кеңістігіне алғашқы рет сапар жасағанына 60 жыл толып отыр. Осыған орай Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігінде ғарышкерлер күні мерекесі қарсаңында Моңғолияның алғашқы ғарышкері, Моңғол Халық Республикасының батыры, Кеңес Одағының батыры, Жезқазған мен Байқоңыр қалаларының Құрметті азаматы, генерал-майор Жүгдэрдэмидийн Гүррагчаамен достық кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Ж.Әділбаев тарихи дамуында көптеген ұқсастықтарға ие екі халық арасындағы достық қатынастар мен қазақстан-моңғол ынтымақтастығының қазіргі даму деңгейі туралы айтып өтті. Сонымен қатар Моңғолия ғарышкерінің ұшуы 1981 жылы 22 наурыз мейрамы кезінде қазақтың Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылғандығын және барлық ғарыш кемелерінің қазақ жеріне қайта оралатынын айтып өтті. Өз кезегінде, Ж.Гүррагчаа бортта халықаралық экипажы бар «Союз-39» ғарыш кемесінің Байқоңырдан ұшуы барысындағы өзінің әсерлері мен экспедиция кезінде Моңғолия ғылымының дамуына зор үлесін қосқан 50-ден астам ғылыми-тәжірибелер жүргізілгендігі туралы естеліктерімен бөлісті. Ж.Гүррагчаа жақын достарының ішінде қазақстандық әріптестер де бар екенін және олардың жоғары кәсіби біліктіліктерін атап өтті. Ол бүгінгі күнге дейін қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіровпен және Талғат Мұсабаевпен достық қарым-қатынаста екендігін айтты. Кездесу соңында тараптар бұдан әрі біріге кездесулер мен түрлі шаралар өткізуге және ғарыш саласындағы байланыстарды жандандырып, өзара тәжірибе алмасып отыруға дайын екендіктерін білдірілді.