Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі
ашық дереккөзі
  • 1993 жылғы 15 сәуірде Бельгия Корольдігінде Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды.
  • 1996 жылғы 10 сәуірде Ресей Федерация­сын­да Қазақстанның әдеби және мәдени күндері өтті.
  • 1999 жылғы 12 сәуірде Алматыда Байтұрсынов пен Сәт­баев көшелерінің қиылысындағы скверде ғұлама ғалым, мем­лекет қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа ес­керткіш қойылды.
  • 1995 жылғы 12 сәуірде Мәскеу, Санкт-Петербор қала­ларын­да Абай Құнанбайұлының (1845-1904) туғанына 150 жыл толуы аталып өтті.
  • 2001 жылғы 14 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың Алматы облысының әкімшілік орталығын Талдықорған қала­сына көшіру туралы Жарлығы шықты.
  • 2002 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасының ау­ма­ғында «Космонавтика күні» сериясының екі пошта мар­касы айналымға шықты.
  • 2005 жылғы 15 сәуірде Лондонда Қазақстан Респуб­ли­ка­сы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ның Ұлы­британиядағы өкілдігі ресми ашылды.
  • 2005 жылғы 13 сәуірде Астанада Жапония Елшілігі ашыл­ды.
  • 2005 жылғы 14 сәуірде Қазақстан студенттерінің Альянсы құрылды.
  • 2008 жылғы 15 сәуірде тарихта алғаш рет Шоқан Уәли­ха­нов атындағы қазақстандық яхта Атлант мұхитын жүзіп өтті. Яхта командасы үш апта ішінде Атлант мұхиты арқылы жер шарын шарлап шықты. Экипаждың барлық төрт мүшесі ІІІ дәрежелі Поляр жұлдызы сыйлығына ұсынылды.
  • 2014 жылғы 11 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стра­те­гиялық зерттеулер институтын Астана қаласына орналас­тыру шешімі қабылданды.
  • 2016 жылғы 15 сәуірде Астанада «Жібек жолы» раллиінің ресми өкілдігі ашылды. Мұндай офистер Мәскеуде, Парижде, Бейжіңде бар.

Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ