Талдықорғанда жаңа қалашық тұрғындарын сотқа беріп жатыр
Талдықорғанда жаңа қалашық тұрғындарын сотқа беріп жатыр
Талдықорғанда жаңадан салынған коттеджді қалашықтың тұрғындары газға белшесінен қарызға батып жатыр. 250 тұтынушының берешегі 22 миллионға жеткен.
ҚазАқпараттың жазуынша, 2 жыл бойы үндемедік деген «ҚазТрансГазАймақ» АҚ филиалы халықты жаппай сотқа беріп жатыр. Ал тұрғындар болса үй суық болғандықтан көгілдір отын жақтық деп шырылдауда.