Талдықорғанда жаңа қалашық тұрғындарын сотқа беріп жатыр

Талдықорғанда жаңа қалашық тұрғындарын сотқа беріп жатыр

Талдықорғанда жаңа қалашық тұрғындарын сотқа беріп жатыр
ашық дереккөзі
Талдықорғанда жаңадан салынған коттеджді қалашықтың тұрғындары газға белшесінен қарызға батып жатыр. 250 тұтынушының берешегі 22 миллионға жеткен. ҚазАқпараттың жазуынша, 2 жыл бойы үндемедік деген «ҚазТрансГазАймақ» АҚ филиалы халықты жаппай сотқа беріп жатыр. Ал тұрғындар болса үй суық болғандықтан көгілдір отын жақтық деп шырылдауда.  width= «Қалашықтың барлық тұрғынын сотқа шақырып жатыр. Бәрінің 100, 200 мың теңгедей қарызы бар. Қайдан аламыз? Менің асыраушым жоқ. Үйдің төбесі жұқа. Барлық жылу далаға кетеді. Үй суық болғандықтан тоңбас үшін газды аямай қоса береміз. «ҚазТрансГаздан» сотқа қағаз келді. Менікі 118 мың теңге деп тұр. Мен оны қалай төлеймін?», – дейді Талдықорғандағы коттеджді қалашықтың тұрғыны Гүлнәр Байбатчаева. «ҚазТрансГаздағылар» әңгімені аталмыш қалашыққа көгілдір отын құбыры заңсыз тартылғанынан бастады. «Бұл жерге газ заңсыз келіп жатыр. Құбырлар заңдастырылған жоқ. Газ қосылғанда бізден бір де бір рұқсат қағаз алған жоқ. Заңсыз қосылған, біз екі жыл бойы үндемедік», – дейді «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалының директоры Равиль Исмаилов. Бұл орайда Талдықорғанға жаңадан келген әкім «бәрін заңдастырамыз» деп халықты сендірді. «Газдың жобасын жасадық. Сараптамадан өткіземіз де, ертең ақшасын төлеп, барлығын заңдастырамыз. Газ, трасса комиссия шешімімен «эксплуатацияға» өтуі керек», – дейді Талдықорған қаласының әкімі Ержан Жасыбаев. Сондай-ақ шенеуніктердің сөзінше, тұрғындардың көгілдір отынға берешегінің бір бөлігін мердігер компания төлемек.