Бүгін республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді – Қазгидромет

Бүгін республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді – Қазгидромет

Бүгін республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді – Қазгидромет
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады. Ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Тек оңтүстік бөлігінде күн ашық болады. Кей жерде тұман түсіп, жел күшейеді. Республикамыздың оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады, солтүстікте көктайғақ болады. Ақмола, Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қостанай облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел екпіні 15-20 м/с. Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл тұрады.