Түрмеде асылып қалған ер адамға қатысты тергеу басталды

Түрмеде асылып қалған ер адамға қатысты тергеу басталды

Түрмеде асылып қалған ер адамға қатысты тергеу басталды
ашық дереккөзі
Орал қаласында түрмеде 33 жастағы ер адам асылып қалды. Оқиға 7 сәуір күні БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты РУ-170/3 мекемесінде болды. 1988 жылғы жазасын өтеуші өзіне-өзі қол жұмсаған. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғанын мәлім етті.