Коронавирустан жазылғандарға ораза ұстауға бола ма – Бас мүфти

Коронавирустан жазылғандарға ораза ұстауға бола ма – Бас мүфти

Коронавирустан жазылғандарға ораза ұстауға бола ма – Бас мүфти
ашық дереккөзі
Бұл сауалға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жауап берді. «Дініміз жеңілдікті қалайды. Егер коронвируспен ауырып, жазылғаннан кейін денсаулығыңыз ораза ұстауға жараса, еш кедергі жоқ. Ораза ұстай беруіңізге болады. Ал дәрігер сізге қауіпті болатындығын, иммунитетіңіз әлсіз екенін айтып, ораза ұстауға болмайды десе, ұстамаңыз. Иммунитетіңізді жақсартып, ораза біткеннен кейін де ұстамаған күндеріңізді толықтырып алуыңызға болады», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.