Министр отандық вакцинаның құжаттары қашан тапсырылатынын айтты

Министр отандық вакцинаның құжаттары қашан тапсырылатынын айтты

Министр отандық вакцинаның құжаттары қашан тапсырылатынын айтты
ашық дереккөзі
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны шығаруға қатысты түсінік берді. «Тиісті стандарттар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты тарапыннан қамтылған вакцинаға тоқталсақ, барлық рәсімдер бекітілген кестеге сәйкес жүрігізіліп отыр. Бұл ретте ешқандай проблема жоқ. Біздің әріптестер 50 мың доза бойынша қажетті жұмыстар жүргізді. Хаттама бойынша үнемі химиялық талдау мен биологиялық қадағалау жүргізіледі. Қазір биологиялық қадағалауды аяқтап жатыр. Кестеге сәйкес, биылғы сәуір айының соңына қарай, 20-сынан кейін құжаттарды Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырамыз. Олар нәтижелерге талдау жасай отырып, тиісті шешім қабылдайтын болады. Сондықтан сәл сабырлық танытып, біздің ғалымдарға қолдау жасайық», – деді министр. Осы орайда А. Аймағамбетов қазіргі уақытта ғалымдар тәулік бойы жұмыс істеп және  бес платформа бойынша вакцина дайындап жатқанын атап өтті. «Сонымен қатар, біздің ғалымдар коронавирустың «британдық», «оңтүстікафрикалық» штамдары бойынша зерттеу жүрігізіп жатыр», – деді министр.