Нұр-Сұлтан іргесіндегі Қоянды ауылы су астында қалды
Нұр-Сұлтан іргесіндегі Қоянды ауылы су астында қалды
Екі өңірдің құтқарушылары Қоянды кентінде құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Елорда маңындағы Целиноград ауданының Қоянды ауылында Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының құтқарушылары үш тұрғын үйден еріген қар суын сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде. Онда қардың қарқынды еруі және еріген судың жиналуы салдарынан үйлер мен аула аумақтарын су басты. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты.
Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖД мен жергілікті атқарушы органдарының күштері мен құралдары жұмылдырылды. Атап айтқанда 49 адам, 17 бірлік техника, 9 бірлік мотопомпа. Сонымен қатар, Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Арайлы, Қаражар, Қызылжар, Ақмол, Қосшы, Қабанбай батыр, Қызылсуат және Жарлыкөл кенттерінде еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде.