Нұрлан Сауранбаев Президент Әкімшілігіндегі қызметінен босатылды
Нұрлан Сауранбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды» делінген хабарламада.
Нұрлан Сауранбаев бұл қызметті 2019 жылғы қаңтардан бастап атқарып келді.