Қазақстаннан көлік ұрламақ болған Ресей азаматы ұсталды

Қазақстаннан көлік ұрламақ болған Ресей азаматы ұсталды

Қазақстаннан көлік ұрламақ болған Ресей азаматы ұсталды
ашық дереккөзі
Оралда көлікті айдап кетпек болған Ресей азаматы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті қызметкерлеріне 1992 жылы туған Ж. есімді азамат көлігін өзге біреудің айдап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға 26 наурыз күні кешкі сағат 19:30 бен 21:30 аралығында болды. Көлікті белгісіз біреу Зашаған кентіне қарасты, М.Мөнкеұлы көшесіндегі үйлердің ауласынан айдап әкеткен. БҚО ПД қызметкерлерінің қабылдаған арнайы іс-шаралары бойынша , жедел іздестіру нәтижесінде 1980 жылы туған А. есімді азаматты ұстады. Ол Ресей азаматы, Чуваш Республикасында тұратыны анықталды. Көрші мемлекеттің азаматына айдап әкету фактісі бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.