Коронавирустың британдық штамы әдеттегіден 1,32 есе жұқпалы – жапон ғалымдары
Коронавирустың британдық штамы әдеттегіден 1,32 есе жұқпалы – жапон ғалымдары
Жапонияда коронавирустың британдық штаммының таралу коэффиценті бастапқы нұсқасына қарағанда 1,32 есе жоғары болып шықты.
Жапония Инфекциялық аурулар бойынша ұлттық институтының мамандары осындай қорытынды жасады, деп хабарлайды NHK WORLD-JAPAN.
Қазіргі кезде коронавирустың британдық штаммы Жапонияның батысында көп таралған. Мәселен, 7 сәуір күні жұқтырудың жаңа оқиғаларының күрт өсуінен Осака префектурасында төтенше жағдайдың жергілікті режимін енгізілген. Жапон ғалымдары жаңа штамм алдағы уақытта ел астанасы маңында да кең таралуы мүмкін екенін ескертті.
Айта кетейік, пандемия басталғалы Жапонияда 494 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды. Науқастардың 9,3 мыңы қайтыс болды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Бразилияда 18 түрлі мутацияны біріктіретін коронавирустың жаңа қауіпті штаммы табылғанын хабарлағанбыз.
Минас-Жерайс штатының астанасы Белу-Оризонти қаласында табылған инфекцияның жаңа түрі коронавирустың бұдан бұрын анықталған штамдарына тән ерекшеліктердің жиынтығына ие.