Коронавирус: Тағы екі өңір "сары" аймаққа енді

8 сәуір, 2021 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Коронавирус: Тағы екі өңір "сары" аймаққа енді Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады. 2021 жылдың 8 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан, Қарғанды, Ақмола облыстары «қызыл» аймақта тұр. «Сары» аймақта Шымкент қаласы, Қызылорда, Павлодар облыстары орналасқан. Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. Қазақстан эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа тіркелген.