Ғалымдар әлемдегі ең ежелгі ДНҚ-ны тапты
Ғалымдар әлемдегі ең ежелгі ДНҚ-ны тапты
Ғалымдар әлемдегі ең ежелгі адамның ДНҚ-сы қазіргі Чехия аумағында 45 мың жыл бұрын өмір сүрген әйелге тиесілі екенін анықтады. Ол үшін Германиядағы Макс Планк атындағы адамзат тарихы институтының зерттеушілері оның бассүйегін зерттеді.
Зерттеу қорытындысы Nature Ecology and Evolution журналында жарияланған мақалада жазылған, деп хабарлайды Lenta.ru.
Зерттеу көрсеткендей, әйел Африкадан Еуропаға қоныс аударған Homo Sapiens-тің бірінші тобына жатады. Неандертальдықтар оның бесінші немесе алтыншы буындағы ата-бабалары болған деп болжанып отыр. Мұндай болжамның жасалуына ғалымдардың оның геномынан үздіксіз неандертальдық ДНҚ-ның ұзын жолақтарын табуы себеп болды.
Авторлардың дерегінше, бұл әйелдің ДНҚ-сы кейінірек Еуропа мен Азия аумағында өмір сүрген адамдарда кездеспейді.
Ғалымдардың пікірінше, бұл жаңалық адамдардың неандертальдықтармен (40 мың жыл бұрын олар жойылып кеткенге дейін) ұзақ уақыт бойы қоян-қолтық өмір сүргенін растайды. Мұны олардың ДНҚ-сы ғана емес, сонымен бірге мәдениеттің ортақтығы да көрсетеді: үңгірлерде жануарлардың тістерінен жасалған зергерлік бұйымдар табылды, оларды неандертальдықтар да жасаған.