Алматыда полицейлер 247 млн теңге көлеміндегі айыппұл туралы деректерді заңсыз өшірген

Алматыда полицейлер 247 млн теңге көлеміндегі айыппұл туралы деректерді заңсыз өшірген

Алматыда полицейлер 247 млн теңге көлеміндегі айыппұл туралы деректерді заңсыз өшірген
ашық дереккөзі
Алматыда тәртіп сақшыларына қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Қалалық полиция департаментінің қызметкерлеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылып, бірнеше тармақ бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бүгінде тергеу амалдары аяқталып, іс Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына берілген. «Сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында күдікке ілінген Алматы қаласының тұрғыны мен екі тәртіп сақшысы 247 млн теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұл туралы деректерді заңсыз өшіріп, қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны анықталған», - дейді мамандар. "Бұл іс 2020 жылдың тамыз айында басталды. Осы 2021 жылдың наурыз айында айыптау акциясы Алматы қаласы прокуратурасымен бекітіліп, қылмыстық іс сотқа тапсырылды. Ол қылмыстық іс бойынша қазіргі уақытта сотта тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ҚР СЖҚІА Алматы қаласы бойынша департаменті тергеу бөлімінің басшысы Марат Мұхаммеджанов.