Бразилияда коронавирустың жаңа қауіпті штамы табылды

Бразилияда коронавирустың жаңа қауіпті штамы табылды

Бразилияда коронавирустың жаңа қауіпті штамы табылды
ашық дереккөзі
Бразилияда 18 түрлі мутацияны біріктіретін коронавирустың жаңа қауіпті штаммы табылды, деп хабарлайды Globo порталы. Минас-Жерайс штатының астанасы Белу-Оризонти қаласында табылған инфекцияның жаңа түрі коронавирустың бұдан бұрын анықталған штамдарына тән ерекшеліктердің жиынтығына ие. Жекелеген мутациялар британдық, оңтүстікафрикалық және екі бразилиялық штамдарға тән екендігі атап өтілді. Айта кетейік, бұдан бұрын Үндістанда коронавирустың қос мутациясы бар жаңа штамы табылған еді. Әзірге жергілікті билік кейбір үнді штаттарында мутацияның пайда болуы мен жұқтыру жағдайлардың тез өсуі арасында тікелей байланыс орнату үшін жеткілікті ақпаратқа ие емес.