Алматыда жолдың бір бөлігі опырылып түсті

Алматыда жолдың бір бөлігі опырылып түсті

Алматыда жолдың бір бөлігі опырылып түсті
ашық дереккөзі
Алматының Медеу ауданында жолдың бір бөлігі опырылып түсті. Оқыс оқиға туралы Facebook қолданушысы, қала тұрғыны Виктор Ким хабарлады. Медеу ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнына аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері барды. «Тексеру кезінде ұзындығы 30 метрден асатын жолдың бір бөлігінің опырылып түскені анықталды.Төтенше жағдайдың алдын алу үшін сол аумақтың айналасы жолақ лентамен қоршалды. Алдағы уақытта тиісті шара қабылданып, жолды жөндеу мәселесі қаралады» деп хабарлады әкімдіктегілер.