«Астана» футбол клубы испандық ойыншымен толықты

«Астана» футбол клубы Кадете деген атпен танымал, 26 жасар испандық ойыншы Энрике Лопез Фернандезпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі.

Кадете – испандық «Алькорон» клубының түлегі. Сондай-ақ, мексикалық «Атлетико Сан-Луис», «Керетаро» командаларында доп тепкен.

Кадете «Астана» сапында 21-нөмірмен ойнайды.

Back to top button