Вице-министр вакцина салдырған соң қайтыс болған перзентхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Алматыда вакцина салдырған соң қайтыс болған №4 перзентхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді.

«Егер вакцинаның жанама әсері туралы айтсақ, яғни, аллергиялық әсер болса, жарты сағаттан соң білінер еді. Алайда ол кісі екі күннен соң қайтыс болды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала болжам бойынша жүректің ишимиялық ауруынан қайтыс болған деген мәлімет бар. Жалпы елімізде осы күнге дейін  коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар арасында ешкім көз жұмған жоқ», – деді ол брифингте.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button