Әйелінің жемқорлық әрекетін әшкерелеген Талғар тұрғынына сыйақы берілуі мүмкін

Әйелінің жемқорлық әрекетін әшкерелеген Талғар тұрғынына сыйақы берілуі мүмкін

Әйелінің жемқорлық әрекетін әшкерелеген Талғар тұрғынына сыйақы берілуі мүмкін
ашық дереккөзі
Әйелінің заңсыз әрекетке барғанын айтып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шағымданған Талғар тұрғынына сыйақы беріле ме? Бұл туралы Антикоррупциялық қызмет басшысының орынбасары Олжас Бектенов айтып берді. «Бұл мәселе әлеуметтік желілерде, БАҚ-та кеңінен талқылануда. Талғар тұрғыны Алматы қалалық Антикоррупциялық қызмет өкілдеріне шағым түсірді. Қазіргі таңда ол мәселе тексерілуде. Іс құжаттары Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды. Егер заң бұзушылық анықталған жағдайда бұл істі сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестріне тіркейтін боламыз» деді О.Бектенов. Бектеновтың пікірінше, заңбұзушылық туралы ақпарат жеткізгені үшін Талғар тұрғынына сыйақы беру мәселесі жайлы айту әлі ерте, өйткені іс әлі зерттелу үстінде. Егер заңбұзушылық болғаны расталып, әйелінің үстінен шағым түсірген азамат сыйақы беруге өтінім түсірсе, бұл мәселе  қарастырылатын болады.