"Бұл кездейсоқтық емес": Ердоғанмен кездесуде Еурокомиссия төрағасына орындық берілмеді (видео)

"Бұл кездейсоқтық емес": Ердоғанмен кездесуде Еурокомиссия төрағасына орындық берілмеді (видео)

"Бұл кездейсоқтық емес": Ердоғанмен кездесуде Еурокомиссия төрағасына орындық берілмеді (видео)
ашық дереккөзі
Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйенге Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөздер кезінде орындық берілмеді, деп жазады The Washington Post. Ердоғанның фон дер Ляйенмен және Еуропалық Кеңестің төрағасы Шарль Мишельмен кездесуі Анкарада өтті. Желіде жарияланған кадрларда ЕК басшысына мәжіліс залында орын таппай тұрып қалғанын көруге болады. Өйткені келіссөз өтетін жерде тек екі орындық болды, олардың біреуіне Р.Ердоған, екіншісіне Ш.Мишель жайғасқан. Нәтижесінде фон дер Ляйен дипломатиялық хаттама бойынша төменгі дәрежеге ие Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоглуға қарама-қарсы диванға отыруға мәжбүр болды. Қабылданған нормаларға сәйкес, мұндай келіссөздер кезінде бұл орын әдетте аудармашыларға және кездесудің басқа қатысушыларына беріледі, деп жазады басылым. Еуропарламент мүшесі, депутат  Софи ин'т Велд  бұл оқиға кездейсоқ болған жоқ деп есептейді. "Бұл кездейсоқтық емес, қасақана жасалған"- деп жазды ол Twitter-де. Айта кетейік, Еуропалық институттар басшыларының Ердоғанмен келіссөздерінде экономикалық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ босқындар мәселелері талқыланды. https://www.youtube.com/watch?v=rbOKqUeJ83M