Президент: Қолжетімді және сапалы медицина жүйесі – жалпыұлттық басымдық

Президент: Қолжетімді және сапалы медицина жүйесі – жалпыұлттық басымдық

Президент: Қолжетімді және сапалы медицина жүйесі – жалпыұлттық басымдық
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін алғыс айтты. Бұл туралы ҚР Президенті өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды. «Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Қазіргідей қиын кезеңде денсаулық сақтау саласының тиімді жұмысы адамзат өмірінде қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Пандемияның алғашқы күнінен бастап медицина қызметкерлері адам өміріне араша түсіп, коронавирусқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүр. Қолжетімді және сапалы медицина жүйесі – жалпыұлттық басымдық. 2020 жылдан бастап медицина саласын қаржыландыру 1,5 есеге көбейді. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін»,-деп жазды Мемлекет басшысы.