Тәтті сусындардың денсаулыққа қандай зияны бары анықталды

Тәтті сусындардың денсаулыққа қандай зияны бары анықталды

Тәтті сусындардың денсаулыққа қандай зияны бары анықталды
ашық дереккөзі
Америкалық ғалымдар тәтті сусындардың зиянына қатысты зерттеу жасады. ScienceDaily порталының хабарлауынша, эксперимент жүргізу нәтижесінде Оңтүстік Калифорния мен Джорджия университеттерінің ғалымдары қант қосылған сусындардың адамның есте сақтау қабілетіне кері әсер ететінін анықтады. Сондай-ақ, тәтті сусындар балалардың білім алу бейімін бұзылатыны белгілі болды. Зерттеушілер тәжірибе барысында егеуқұйрықтарға қант қосылған су беріп отырған. Нәтижесінде олардың есте сақтау қабілетінің нашарлағаны анық аңғарылған. Сондай-ақ, тәтті сусындар ішек бактерияларының құрамын өзгертіп, салдарынан мидың жұмысы нашарлаған. Ғалымдардың ендігі мақсаты -эксперимент жасап, салауатты өмір салтын қолға алғаннан кейін тәтті сусындардан келген залалды қалпына келтіру жағын зерттеу. Айта кетейік, бұдан бұрын ыстық шай ішудің өмірге қауіпті салдары жайлы жазған едік. Бірнеше жыл бойы 500 мың адамды бақылау 65 градустан жоғары температурада ыстық шайды үнемі тұтыну өңеш қатерлі ісігінің пайда болу және асқыну қауіпін көрсетті. Гастроэнтерология саласындағы маман, түркиялық профессор Ведат Герал бұл қатерлі ісік әлем бойынша өлімге душар ететін алтыншы себеп (басқа мәліметтер бойынша сегізінші) екенін айтты.