Депутат ғылыми қызметкерлердің еңбекақысын екі есе көбейтуді ұсынды

Депутат ғылыми қызметкерлердің еңбекақысын екі есе көбейтуді ұсынды

Депутат ғылыми қызметкерлердің еңбекақысын екі есе көбейтуді ұсынды
ашық дереккөзі
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Айжан Сқақова ғылыми зерттеушілер санының қысқаруына алаңдаушылық білдірді. Осы орайда Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғажановтың атына депутаттық сауал жолданды. Оның айтуынша, қазақстандық ғылымның деңгейі мен әлеуетінің төмендеуі айқын трендке айналды. Дағдарыс ғылымның барлық негізгі факторларына: ғылыми кадрларға, зерттеу базасына, саланы басқару және қаржыландыру моделіне әсер етті. Отандық ғылым проблемаларының себептерін объективті қарастырғанда бірқатар маңызды факторларды көруге болады. «Бірінші факторға тоқталсақ, ғылымдағы басты дүние – ғалымдарды бағаламау. Ресми деректер бойынша ғылыми ұйымдар санының қысқаруы зерттеушілердің азаюына алып келді. Мемлекеттік ҒЗИ ғылыми зерттеушілерінің саны 24,7 пайызға қысқарды. Ғалым докторларының саны да кеміді. Оның ішінде тек «инженерлік әзірлемелер және технологиялар» бағыты бойынша ғылым докторларының саны 88 пайызға қысқарды», - деді депутат. Осы орайда ол ғалымдардың жалақысы төмен екенін атап өтті. Ғылым докторының орташа жалақысы 166 681 теңгені, ғылыми қызметкердің жалақысы – 93 971 теңгені, зертханашы/докторанттың жалақысы – 84 061 теңгені құрайды. Айжан Сқақова екінші факторға тоқтала келе, сала ретінде ғылымның тиімсіз ұйымдастырушылық моделі – басқарудағы проблемалар және қаржыландырудағы кемшілікке тоқталды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан Халық партиясының депутаттары келесіні ұсынады: - Отандық ғылымның дамуын басым стратегиялық міндет және Қазақстанды ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін дамытудың қажетті шарты ретінде айқындау. Ғылымды қаржыландыруды кезең-кезеңмен көтеру; - Ғылыми қоғамдастықпен бірлесіп басқару мен қаржыландырудың тиімді жүйесі бар сала ретінде ғылымның жаңа ұйымдастырушылық моделін әзірлеу; - Ғылыми ұйымдарды базалық және гранттық қаржыландыру тетігінің жүйесін қайта қарау; - Ғылыми қызметкерлердің еңбекақысын кемінде екі есе ұлғайту және оларға кепілді базалық жалақы белгілеу.