Трамп Forbes-тің миллиардерлер рейтингінде 300 сатыға құлдырады

Трамп Forbes-тің миллиардерлер рейтингінде 300 сатыға құлдырады

Трамп Forbes-тің миллиардерлер рейтингінде 300 сатыға құлдырады
ашық дереккөзі
АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп Forbes жариялаған миллиардерлер рейтингінде 300 сатыға төмендеді, өйткені ел басқарған төрт жыл ішінде оның дәулеті шамамен миллиард долларға кеміген. Бұл туралы Укринформ хабарлады.  Forbes жариялаған миллиардерлер тізімінде Трамп 2,4 млрд доллар дәулетімен 1299-орынды иеленді. Өткен жылы ол 1001-орынға тұрақтаған еді. Басылым мәліметтері бойынша, Трамптың 2017 жылдың қаңтарында билікке келген кездегі активтерінің құны 3,5 миллиард долларды құраған. Оның рейтингінің төмендеуін мамандар экс-президенттің капиталы өсіп келе жатқан өзге миллиардерлерге ілесе алмауымен түсіндірді. "Солай болуы заңды. Саясаткер билікте отырып ақша таппауы керек, бай адам өз қызметінен аз табыспен кетуі тиіс", - деді Трамп TheHill басылымына. Өткен айда Bloomberg осыған ұқсас мәліметтерді жариялаған болатын. Басылым дерегінше, бұрынғы президенттің таза табысы оның президенттігі кезінде 3 миллиард доллардан 2,3 миллиард долларға дейін төмендеген. Bloomberg пандемия мен 6 қаңтарда Капитолийге жасалған шабуылдың салдары оның бизнес империясына айтарлықтай әсер етті деп санайды. Пандемия кезінде Трамптың бірнеше кәсіпорны, атап айтқанда қонақүйлер, казинолар және кеңсе орындары зардап шекті, өйткені жұмыс орындары қысқарып, шекаралардың жабылуына байланысты туризм тоқтап қалды.