300 метр биіктіктен құлаған ер адам аман қалды

300 метр биіктіктен құлаған ер адам аман қалды

300 метр биіктіктен құлаған ер адам аман қалды
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында ер адам 300 метр биіктіктен құлап, тірі қалды. Бұл туралы The Independent басылымы хабарлады. Оқиға 4 сәуір, жексенбі күні болған. Полицияның мәліметінше, күн шыққанға дейін тауда екі сағат серуендеген ер адам кенеттен аяғы тайып, жартастан құлап кеткен. Оқиға орнына мамандар бригадасы келді. Құтқару операциясы алты сағатқа созылды. Турист аздап жарақат алғанымен, өздігінен жүруге жараған. Әзірге зардап шегушінің денсаулығына қандай зақым келгені хабарланған жоқ. Еске сала кетейік, жуырда Атырауда бес жасар бала 4-ші қабаттан құлап кетіп, аман қалған еді.  Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері Атырауда көп қабатты тұрғын үйлердің терезесінен 10-нан астам бала құлаған.