Жаңалықтар

Ясауи кесенесінің аумағында сакура гүлдеді

ашық дереккөзі

Ясауи кесенесінің аумағында сакура гүлдеді

Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда Ясауи кесенесінің аумағындағы ботаникалық бақта сакура ағашы бүршік жарып жатыр. Ислам бағы негізінде салынған ерекше саябақта 200 түп сакура ағашы, жалпы әлемде сирек кездесетін мыңға жуық ағаш егілген. 7,7 гектар жерге жайғасқан демалыс аймағында жақын күндері мыңдаған қызғылт, күлгін, ақ түске боялған шие ағашының гүлденуі күтілуде. Қаладағы жаңа саябақтар мен демалыс орындарын аралаған облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев құрылыс пен жөндеу  жұмыстарын 10 күннің ішінде толық аяқтауды міндеттеді. 6 га жерде орналасқан «Рәміздер алаңында» көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мұнда 2 мың көшет отырғызылып, газон төселеді. Субұрқақтар мен арнайы демалыс орындары мен балалар алаңшалары ашылады.