ТЖ кезінде жұмыс істеген дәрігерлерден үстемақыны қайтаруды талап еткен

ТЖ кезінде жұмыс істеген дәрігерлерден үстемақыны қайтаруды талап еткен

ТЖ кезінде жұмыс істеген дәрігерлерден үстемақыны қайтаруды талап еткен
ашық дереккөзі
Рудный ауруханасының екі дәрігері облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ұйғарымы бойынша карантин кезіндегі жұмыс уақыты үшін алған үстемеақыны қайтаруға тиіс болған. Облыстық соттың мәліметінше, Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті коронавирус инфекциясымен күреске бөлінген бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша тексеру жүргізген. Іс барысында еңбек заңнамасының талаптары бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен белгіленген дәрігерлерге негізсіз үстемақы төлеу анықталған. «Аудиторлық қорытындыға сәйкес, еңбек заңнамасының бұзылуы үстеме ақы төлеу дәрігерлерді ауыстыру және еңбек шартына өзгерістер енгізу туралы бұйрықсыз жүзеге асқан. Тексеру қорытындысы бойынша аурухананың кірісіне 2 млн теңгеге жуық соманы қалпына келтіру туралы ұйғарым шығарылды, ол инфекциялық стационардағы жұмысы үшін екі дәрігерге үстемақы түрінде төленген. Шығарылған ұйғарымды орындаудың салдары: дәрігерлердің төленген үстемеақыны қайтаруы», – деп түсіндірген облыстық соттың баспасөз қызметі. Сот алқасы аурухананың апелляциялық шағымы бойынша бұл істі қайта қарап, еңбек заңнамасының бұзылуы ресми сипатта болғанын анықтады. Дәрігерлер 2020 жылғы сәуір – тамызда белгіленген төтенше жағдай және карантин режимі кезеңінде стационарда дәрігерлік қызметті жүзеге асырған.  Талап арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылды. Бұл оқиға дәрігерлердің пайдасына шешілді.