«Талдықорған – Үшарал» жолының жөндеу жұмысы биыл ақталады

«Талдықорған – Үшарал» жолының жөндеу жұмысы биыл ақталады

«Талдықорған – Үшарал» жолының жөндеу жұмысы биыл ақталады
ашық дереккөзі
Алматы облысында індетке қарамастан былтыр «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 18,8 млрд теңгеге 487,7 шақырым жол жөндеу жұмысы жүргізілді. Ал «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы іске асырылғаннан бастап 3,2 млрд теңгеге 97,2 шақырым жол жөнделген. Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, бұл өңірдегі 240 елдімекеннің ауылішілік жолдарының сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызды. Жыл соңына қарай сапасы жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 89 % жетеді. Ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 95 пайыз болады. Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, «Алматы – Өскемен» автожолының «Талдықорған – Үшарал» бөлігі, «Үшарал-Достық» автожолының реконструкциясы биыл аяқталады. Бұл Алакөл көліне барушылар қатарын арттыруға ықпал етпек. Балқаш көлінің жағалауына баратын ұзындығы 140 шақырым жол қайта жаңартылып жатыр. Көлсай көліне жеткізетін жол құрылысы аяқталған. Ал Қайыңды көліне жеткізетін 12 км жолды жөндеу жұмысы биыл басталады. «Алтынемел» Ұлттық паркіне дейінгі жолды қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.