Ақтөбе облысында 100 отбасыға көмек көрсетілді

Ақтөбе облысында 100 отбасыға көмек көрсетілді

Ақтөбе облысында 100 отбасыға көмек көрсетілді
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалына 17 наурыз күні Ойыл ауданының тұрғыны тарапынан аз қамтылған отбасыларға әлеуметті көмек көрсетуін сұраған өтініш келіп түскен.  Осыған орай 20 наурыз күні «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының бірінші орынбасары, Аудандық мәслихаттағы "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшелері мен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, жеке кәсіпкерді демеушілік көмегімен 100 отбасыға көмек көрсетілді. Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Талғат Салфиков аудандағы аз-қамтылған отбасыларына арналған азық-түлік салынған жүз әлеуметтік пакет жолдады. Жалпы сомасы 2 миллион 200 мың теңге болатын азық-түлік себеттері ауылдық округтер мен ойыл ауданнының тұрғындарына табыс етілді. Әр себеттің ішіндегі азық бағасы 22 мың теңгені құраған.