Абиба Әбужақынова Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бішкекте дзюдодан Азия чемпионаты өтіп жатыр. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен Абиба Әбужақынова финалда қытайлық Ли Янанға есе жіберді. Нәтижесінде, ел қоржынына алғашқы жүлдені салды.  Осы салмақ бойынша өзбекстандық Гүлнұр Мұратова мен тайпейлік Чен Хао Лин қола жүлдені бөліп алды.

Back to top button