Жаңалықтар

Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатына Бішкекке аттанды

ашық дереккөзі

Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатына Бішкекке аттанды

6-9 сәуір күндері Қырғызстан астанасы Бішкекте дзюдодан Азия-Океания чемпионаты өтеді. Бүгінде дзюдодан ұлттық құрама Бішкекте маңызды дода алдындағы соңғы жаттығуларын пысықап жатыр. Өз кезегінде Olympic.kz дзюдодан әйелдер және ерлер командаларының бас бапкерлерімен тілдесіп, құрлықтық біріншілікке қатысатын құрамның жай-күйімен бөліседі. Биылғы Азия чемпионатына 30 елден барлығы 215 дзюдошы қатысады. Қазақстан құрамасынан 17 татами шебеоі ел намысын қорғайтын болады. Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев ұлттық құрама жауапты сынға сақадай сай екенін жеткізді.