Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатына Бішкекке аттанды

Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатына Бішкекке аттанды

Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатына Бішкекке аттанды
ашық дереккөзі
6-9 сәуір күндері Қырғызстан астанасы Бішкекте дзюдодан Азия-Океания чемпионаты өтеді. Бүгінде дзюдодан ұлттық құрама Бішкекте маңызды дода алдындағы соңғы жаттығуларын пысықап жатыр. Өз кезегінде Olympic.kz дзюдодан әйелдер және ерлер командаларының бас бапкерлерімен тілдесіп, құрлықтық біріншілікке қатысатын құрамның жай-күйімен бөліседі. Биылғы Азия чемпионатына 30 елден барлығы 215 дзюдошы қатысады. Қазақстан құрамасынан 17 татами шебеоі ел намысын қорғайтын болады. Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев ұлттық құрама жауапты сынға сақадай сай екенін жеткізді.  width= "Қазіргі таңда біз Азия чемпионаты өтетін Бішкек қаласындамыз. Азия чемпионаты жылдың маңызды жарыстарының бірі. Біз бұған жыл басынан бері тынымсыз дайындалып келе жатырмыз. Бірнеше кезеңнен тұратын оқу-жаттығу жиындарын да өткізіп, спортшылар шеберлігін шыңдадық. Ұлттық құрама сапынан аталған бәсекеге 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев, 66 келіде Елдос Жұмақанов, 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жансай Смағұлов қатысады. Дидар Хамза мен Руслан Мұсаев 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаса, 90 келіге дейінгі салмақта Ислам Бозбаев белдеседі. Айбек Серікбаев, әдеттегідей, 100 келіге дейінгі салмақта, аса ауыр салмақ дәрежесі бойынша Ерасыл Қажыбаев күреседі. Осыған дейін айтқанымдай, біздің жарысқа қатысудағы басты мақсатымыз – Олимпиада ойындарына жолдама алатындай рейтингке тиісті ұпайды еншілеу. Қазіргі таңда Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енген кез келген әлемдік бәсеке біз үшін Олимпиада ойындарына дайындық болып саналады. Сондықтан, ұлттық құраманың әрбір мүшесінен үлкен үміт күтеміз. Азия чемпионаты біздің Олимпиада алдындағы соңғы жарысымыз емес. Құрлықтық біріншіліктің нәтижесіне қарай, осыдан кейінгі жарыстарға кімдердің қатысатыны белгілі болады. Жолдама жолындағы тартысты талас әділ өтсін деген мақсатта спортшылардың барлығына бірдей мүмкіндік бергіміз келеді. Мәселен, 66 келіде команда үздігі саналатын Ерлан Серікжанов Азия чемпионатынан тыс қалғанымен, Ресейдің Қазан қаласында өтетін Grand Slam жарысында бағын сынайды. Одан кейін бізді Венгрияда әлем чемпионаты күтіп тұр. Олимпиада жолдамасының тағдыры тек дүниежүзілік біріншіліктен кейін белгілі болады», - дейді бас бапкер Ғалымжан Жылгелдиев.  width= Бішкек татамиінде әйелдер құрамасынан сегіз бұрымды балуан белдесетін болады. Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаев жарысқа кімдерді қатысатынын айтты. «Қазақстан құрамасының үздігі саналған Галбадрах Отгонцэцэг ұзақ үзілістен кейін жарысқа қосылады. Құрлықтық біріншілік ол үшін соңғы бір жыл ішіндегі алғашқы жарысы болмақ.