Президент телеарналарға неге сұхбат бермейді – Берік Уәли жауап берді

Президент телеарналарға неге сұхбат бермейді – Берік Уәли жауап берді

Президент телеарналарға неге сұхбат бермейді – Берік Уәли жауап берді
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөздің емес, істің адамы. Мұндай пікірді «Хабар 24» телеарнасының «Сұқбат» бағдарламасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты. «Отандық БАҚ-қа сұқбат бермейді дегенмен келіспеймін. Өйткені, өздеріңіз білесіздер, «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» газеттеріне, мерзімді басылымдарға сұқбат беріп жүр. Сұқбатқа келгенде көп адамдар дұрыс түсінбей жатады. Жалпы, Президент көп сұқбат беріп, сөйлеп, пікір алмасқаннан гөрі істің адамы. Көп жағдайда сөзден гөрі іске ден қойып, тапсырмалар беріп, оның орындалуын қадағалап отырады. Ал телеарнаға келер болсақ, жалпы ол ойда бар. Алдағы уақытта сұқбат береді», – деді Берік Уәли.