Алматылықтар Сайран көлінің кәріз суымен ластануына наразы

Алматылықтар Сайран көлінің кәріз суымен ластануына наразы

Алматылықтар Сайран көлінің кәріз суымен ластануына наразы
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада автор Сайран көліне кәріз суының қай жақтан келіп қосылып жатқанын айтып,  шағымданады. Қалалық жасыл экономика басқармасының баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді. «Біз тексердік. Бұл учаскеде Жұбанов көшесінен, Айриха көшесінің батысына қарай су ағатын канал бар екені анықталды. Бұл коллектор жаңбыр мен еріген суды ағызуға, сондай-ақ Жұбанов көшесінің бойынан, Айриха көшесінен бастау алатын артық суармалы суды ағызуға арналған», – деп жауап берді басқармадан.