Геннадий Головкин UFC-де өнер көрсетпек

Matchroom Boxing Президенті Эдди Хирн өзінің промоушнінен UFС аралас жекпе-жегі сынды мықты және танымал бренд жасамақшы, – деп жазды Sports.kz.

«Біз – ғаламдық күшпіз. Ешкім біз жасап жатқан дүниеге қол сұқпайды, ғаламдық масштабта сонша қаражат төлемейді. Біз «бокcтегі UFC» болуды көздеп отырмыз – бұл тек уақыттың еншісінде», – деп мәлімдеді Э.Хирн.

Еске сала кетейік, Эдди Хирн – Геннадий Головкиннің промоутері. Қазіргі кезде 38 жасар қазақстандық – IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Головкинге тоқталар болсақ, оның шаршы алаңға қайтып оралу уақыты белгісіз.

Сондай-ақ!
Close
Back to top button