Өз елінде кезек күтуден шаршаған италиялық саясаткер Ресейге келіп вакцина алды

Өз елінде кезек күтуден шаршаған италиялық саясаткер Ресейге келіп вакцина алды

Өз елінде кезек күтуден шаршаған италиялық саясаткер Ресейге келіп вакцина алды
ашық дереккөзі
Италиялық саясаткер, "Солтүстік лигасы" партиясының мүшесі  Алессандро Равальоли Еуроодақтың коронавирусқа қарсы вакцинациясын күтуден шаршап, Ресейдің "Спутник V" препаратын салдырды, деп хабарлайды RT. Ресейлік әйелге үйленген италиялық саясаткер вакцинаның алғашқы дозасын алу үшін наурыз айында Мәскеуге ұшып келген, ал қазір оған екпенің екінші дозасы салынды. "Егер мен Италияда кезегімді күтетін болсам, вакцинаны күзде бір-ақ алар едім", — дейді Равальоли. Ол "Еуропада қандай да бір бюрократиялық механизмнің жұмыс істемеуі салдарынан" өлгісі келмейтінін жеткізді.