Қазақстандағы ақылы жолдардан қазынаға қанша қаражат түсетіні белгілі болды

Қазақстандағы ақылы жолдардан қазынаға қанша қаражат түсетіні белгілі болды

Қазақстандағы ақылы жолдардан қазынаға қанша қаражат түсетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
Биыл елдегі ақылы жолдардан 25,6 млрд теңге алым жинау көзделген. Бұл туралы Үкімет отырысында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты. «Реконструкциядан өткен автожолдарды күтіп-ұстау үшін ақылы жолдар іске қосылуда. Ол шығындарды толық жабуға және республикалық бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Асқар Ұзақбайұлы, (Асқар Мамин, ҚР Үкімет басшысы – авт.) Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, наурыз айында 5,8 мың шақырым жол ақы алу жүйесі бойынша пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 25,6 млрд теңге алым жиналады деп жоспарланған. Оның 20 млрд теңгесі ақылы учаскелерді күтіп ұстауға, 5,6 млрд теңгесі инвестицияларды қайтаруға бағытталады», - деді ведомство басшысы. Сондай-ақ, Бейбіт Атамқұлов 2024 жылдың соңына дейін 5,2 мың шақырым жолда реконструкция жұмыстары аяқталғаннан кейін, ақылы жүйе енгізілетінін атап өтті.