Садақа жәшігіне қамалып қалған әйел мерт болды

Садақа жәшігіне қамалып қалған әйел мерт болды

Садақа жәшігіне қамалып қалған әйел мерт болды
ашық дереккөзі
Австралияның Квинсленд штатындағы Голд Кост қаласының маңында орналасқан сауда орталығында қайырымдылық жәшігінен әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды 9news.  Марқұмды 5 сәуірде жергілікті уақыт бойынша таңғы жетіде еден жуушы әйел тапқан. Шақыру бойынша келген полиция зорлық-зомбылықтың іздерін таппады және 43 жастағы әйел жәшік ішіне өздігінен еніп, одан қайта шыға алмай қалған деген қорытындыға келді. Оқиға орны жәшікті ашып, мәйітті шығару үшін қоршалды. Марқұмның кім екені анықталуда.