Дәрігерлер қателесіп ер адамның асқазанын алып тастады

Дәрігерлер қателесіп ер адамның асқазанын алып тастады

Дәрігерлер қателесіп ер адамның асқазанын алып тастады
ашық дереккөзі
Ресейдің Нижний Новгород облысының Балахна қаласында дәрігерлер қателесіп жергілікті тұрғын Сергей Прозоровскийдің асқазанын алып тастады. Ақ халаттылар қатерлі ісік пайда болды деп күдіктенген, ал шындығында ер адамның тек асқазан жарасынан зардап шеккені белгілі болды, деп жазады "Комсомольская правда" Прозоровскийдің айтуынша, ол ішкі қан кету күдігімен ауруханаға түскен. Дәрігерлер бұл тек асқазан жарасының салдары емес деген қорытындыға келіп, дереу ота жасауды ұсынған. "Диагнозды нақтылау үшін менің аузыма саусақ қалыңдығындай түтік енгізілді.  Бастапқыда қан кету болды ма, жоқ па, анықталмады, бірақ дәрігердің ыңғайсыз қимылы артерияларды зақымдады. Қан кету күшейе түсті, олар менен операция жасауға келісім сұрады, содан кейін мен есімнен танып қалдым", — деп еске алады Прозоровский. Кейіннен ер адам иммуногистохимиялық зерттеу жүргізу нәтижесінде оның азғасында қатерлі ісік болмағаны анықталды. Ер адам Нижний Новгород дәрігерлері қатерлі ісікті оған зондтау жасаған дәрігерді ақтап алу үшін "ойлап тапты" деп есептейді. Оның сөзінше, жас маман — хирургия бөлімінің меңгерушісі және бас дәрігердің орынбасарының ұлы. Айта кетейік, бұдан бұрын Украина дәрігерлері қателікпен ер адамның сау көзін алып тастаған еді.